Ақтөбе облысында жас офицерлермен оқу-әдістемелік жиын өтуде
3 Сентября 2026 (11:13) | 1
|
Автор: Редакция
1–5 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6656 әскери бөлімінде 2025 жылы жоғары әскери оқу орындарын тәмамдаған жас офицерлер – лейтенанттармен оқу-әдістемелік жиын (ОӘЖ) өткізілуде.
Жиынның негізгі мақсаты – жас офицерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру, олардың командалық және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ бөлімше басшысы ретінде қызметтік қалыптасу кезеңінде әдістемелік көмек көрсету.
ОӘЖ барысында жас лейтенанттармен теориялық және практикалық сабақтар ұйымдастырылып, қызметті ұйымдастыру, жеке құрамды басқару, әскери тәртіпті сақтау, тәрбие жұмысын жүргізу және қызметтік міндеттерді орындау мәселелері қарастырылуда.
Даярлықтың практикалық бағытына ерекше назар аударылуда. Жас офицерлер шешім қабылдау, бөлімшенің жұмысын тиімді ұйымдастыру, бағынысты жеке құраммен өзара іс-қимыл жасау және қызметтік міндеттерді сапалы орындау дағдыларын пысықтауда.
Мұндай оқу-әдістемелік жиындар жас офицерлерге қажетті білім мен практикалық тәжірибе жинақтауға, тәжірибелі әскери қызметшілермен пікір алмасуға және қызметтік міндеттерді өз бетінше орындауға дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
ОӘЖ өткізу жас лейтенанттардың кәсіби тұрғыдан қалыптасуына, сондай-ақ заманауи офицерге тән қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Атап айтқанда, сауатты басшы болу, жеке құрамды тиімді басқару және әскери қызметшілерді жеке үлгісімен соңынан ерте білу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz







