Отбасы күніне орай ГМ-172/6 басшылығы көпбалалы қызметкердің үйіне барды
11 Сентября 2021 (15:07) | 2107 | Автор: Редакция
Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні аталып өтіледі.
Ол еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды және алғаш 2013 жылдан бастап тойланып келеді.
Осы орайда, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ГМ-172/6 мекемесі басшылығы «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында мекеме қызметкері көп балалы әке әділет аға лейтенанты Сырбеков Еркин Маратовичтің отбасына барып ата-аналарын, отбасы мүшелерін мерекемен құттықтап, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы атынан құттықтау хаты мен гүл шоқтарын табыстады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему