Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне орай жас түлектерге ашық есік күні ұйымдастырылды
29 Февраля 2020 (14:10) | 3338 | Автор: Нурганым Имашева
Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Нұрқожа Қожабергенұлы Альджановтың мәлімдеуінше, «Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №4 өрт сөндіру бөлімімен бірлесе Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты 2020 жылдың 28 ақпан күні мектеп оқушылары арасында Форт-Шевченко қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Мектеп оқушыларына жыл сайынғы 1-наурыз бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнінің атап өтілуі туралы, Азаматтық қорғау қызметтерінің құрылуы туралы, сонымен қатар ҚР ІІМ ТЖК-нің Көкшетау техникалық институты туралы, оқуға түсу шарттары мен оқу тәртібі түсіндірілді».
-Содан кейін, мектеп түлектері арнайы өрт техникалармен және өрт-техникалық жарықтандандырумен таныстырылған болатын. Оқушылар күн сайын өз өмірін қатерге тігіп адамдар мен тұрғын үйлерді оттан, төтенше жағдайлардан құтқаратын қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.
Лаулап тұрған өртті ауыздықтауға, қысқа уақыт ішінде ғимараттардың жоғарғы бөлігіне немесе шатырына шығуға, ең қауіпті аймақтардағы өрттен адамды алып шығуға мүмкіндік беретін өрт сөндіру және құтқару техникасы мен құрал-жабдықтары көрсетілді. Мектеп оқушылары өрт сөндіру мамандарының шұғыл іс-әрекетіне көп қызығушылық танытты. Бұл шараға Баутин ауылындағы Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының 50-ден астам оқушылар қатысқан болатын. Сонымен қатар жергілікті «Ақкетік арайы» газеті жұмылдырылды,- дейді Нұрқожа Қожабергенұлы.
Оның мәлімдеуінше, «Бұл шаралардың негізгі мақсаты - өрт-техникалық қаруландырумен, жедел-құтқару жарақтарымен, құтқарушылардың қызметімен жас ұрпақты таныстыру және оларға кәсіби бағдар беру, сонымен қатар ҚР ІІМ ТЖК-нің Көкшетау техникалық институтына талапкерлер жинау болып табылады».
Суреттерді түсірген ТЖ бөлімі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему