Қарақиялық төтеншеліктер тұрғындарды өрт қаупінен сақтандыруда
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қарақиялық төтеншеліктер тұрғындарды өрт қаупінен сақтандыруда

7 Февраля 2019 (13:38) | 1516 | Автор: Нурганым Имашева

Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, «Қазіргі таңда тұрғын үй секторларында орын алып жатқан өрттерге және жылыту маусымының жалғасуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қарақия аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, №2, №11 Өрт сөндіру бөлімі және Құрық ауылының Жедел құтқару жасағының толықтай жеке құрамы әр аптаның сенбі күндері күшейтілген түрде Құрық, Жетібай, Мұнайшы ауылдарының тұрғын үй секторларында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде».

 

 

-Үгіт-насихат барысында тұрғындарға тұрмыстық жағдайда табиғи газды, үй жылыту қазандығын және газ пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуы және алдын-алу жөнінде түсіндіріледі.

 

Үйдегі өрт қауіпті заттарды асыра пайдаланбауға, жылыту қазандығын дұрыс орналастыруға және оны дұрыс пайдалануға, егер өрт болғанда немесе төтенше жағдай туындаған кезде «101», «112» телефондары арқылы уақытылы көмек шақыру т.б. жөнінде өздері мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі үшін әрдайым сақтық қағидаларын қадағалап жүрулерін ескертеді.

 

Сондай-ақ үйдегі кішкентай балаларға оттықпен ойнамауды немесе басқа да өрт қауіпті заттарды пайдалану кезінде абай болуларын ескертеді, -делінген біздің басылымға жолдағанған Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ақпаратында.

 

Суреттерді түсірген Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему