Өрт сөндірушілердің игі істері
15 Апреля 2021 (12:53) | 2332 | Автор: Редакция
Өңірде «30 игі іс» ведомстволық науқаны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде жалғасын табуда. Бүгін науқан аясында қызметкерлер Ақтау қаласы 14-ші шағын ауданда орналасқан облыстық мамандандырылған балалар үйінде сенбілік өткізді.
Қыс мезгілінен кейін аумақты тазарту үшін оларға екі сағаттан астам уақыт қажет болды. Қызметкерлер күрекпен, сыпырғышпен, бояулармен, қылқаламмен және ағарту құралдарымен келді. Өрт сөндірушілер балалар алаңдарын абаттандырумен айналысып, құмсалғышты, үйді сырлады. Жұмыс жылдам жүрді.
Біреу бұрын отырғызылғандардың тамырын қопарып шығарған болса, енді біреулері жерді қазып, бояды, сыпырды, ағаштарды ағартты, кейбіреулері аумақты кептірілген ағаштар мен қоқыстардан тазартты. № 1 және 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің жауынгерлері топтық бөлмелердегі жиһаздарды тасымалдады. Жұмыс барлығына жеткілікті болды.
Сол күні Шетпе ауылы № 8 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы Шайыр ауылындағы бақтың аумағын абаттандыруға қатысты. Екі шара да «30 игі іс» науқаны аясында өткізілді.
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему