Түпқарағандық оқушы республикалық балалар кинофестивалінен күміс жүлде иеленді
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 05:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқарағандық оқушы республикалық балалар кинофестивалінен күміс жүлде иеленді

9 Июня 2021 (14:09) | 1222 | Автор: Редакция

Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының мектеп оқушысы Райхан Қасымқызы «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты балалар кинофестивалінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Республикалық байқауда Маңғыстау қоржынына күміс жүлде салған Райхан Қасымқызы «Анимациялық кино» номинациясы бойынша бақ сынады. Ол М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сыныбында оқиды. Өнерлі жастың анимациямен шұғылданып жүргеніне екі жылға жуықтады.

«Фестивальге мамандық таңдаудың маңыздылығын көрсететін анимациялық фильміммен бақ сынадым. 1000 кадрден тұрады. Осы туындыға ең ұзақ уақыт пен көп күш жұмсадым. Анимациялық киноларымды «Procreate» бағдарламасымен жасаймын. Бұл – классикалық анимация жасау стилі. Анимацияның атасы саналатын Хаяо Миядзаки мен Макото Синкайды үлгі тұтамын. Болашағымды осы саламен байланыстырамын», - деді Райхан Қасымқызы.

 

Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему