Халыкаралык жарыстан жүлделі оралды
10 Апреля 2019 (09:57) | 1679 | Автор: Нурганым Имашева
Латвия астанасы Рига қаласында 05-07 сәуір аралығындағы мерзімде мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында отырып ойнайтын волейболдан Халыкаралык жарыс өтті.
Бұл жарыста 7 мемлекеттен 10 команда бағын сынады. Команда спортшылары 5 командадан 2 топқа бөлініп өнер көрсетті.
Маңғыстаулық команда Ресейден келген әлем бойынша чемпион қыздар командасымен, Москва, Латвия мен Литваның екінші командаларымен ойнап, барлығын ұтып, топ ішінде бірінші болып шықты.
1/4 ойында келесі топтағы, былтырғы осы турнирде Чемпион болган Польша командасымен кездесті. Бірінші партияда ұтылып, қалған екі партияда тартысты ойында біздің команда ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Украина мен Литва алаңға шықты, ал Маңғыстау осы турнирдің иесі Латвиямен кездесті. Бірінші партияны ұтканымен қалган екі партияда 2:1 есебімен жеңіліс тапты.
Үшінші орын бәйгеге тігілген ойында Литва құрама командасымен біздің команда өте қызықты ойын көрсетті. Көптеген командалар біздің команда көрсеткен ойынға тамсанып қолдау көрсетті.
Бірінші партияны қарсыласымызга оңай беріп қойдық. Бұл 3-күнгі жетінші ойын еді. Екінші партияда 23:18 ұтылып тұрғанда тайм-аут алып, жігіттерге «Қазақстанның абыройын түсірмейік» деп ойынға қайта кірістік. Ойыншыларды бұл сөз жігерлендірді ме, ойынды 24:24 қып теңестіріп, партияны 26:24 алдық.
Ақтық үшінші орынға шешуші соңғы партияда 4:0 есеппен алда келе жатып, тағы да қарсыластар 22:17 есеппен алға шығып кетті. Жанкүйерлердің қолдауымен есепті тағы да теңестірдік 24:24 қып.
25 боп соңғы допты ала алмай Литвамен теңестірді. Жігіттер жиналып соңғы екі допты салып 27:25 етіп ұтып, командамыз 3-ші орынды еншіледі. Екі команда да жақсы ойын көрсетіп жүлделі болуға жарайтын еді, бұл спорт болғандықтан, біреу ұтып, біреуі ұтылуға мәжбүр болады.
Алты ойыншының ішінде «Ең үздік» номинациясын команда капитаны шабуылшы Бауыржан Уразалиев жеңіп алды. Біздің команда мынадай құрамда өнер көрсетті: Жанаозеннен - Құралбек Сейдов, Ержан Онаев,
Жеңіс Узбекбаев, Актаудан - Бауыржан Уразалиев, Ерболат Алтаев, Нұрлан Нұрбаев, Ғабит Назарбеков жане жаттықтырушы әрі ойыншы Нұралы Кулушов.
Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт баскармасына алгыс айтамыз.
Нұралы Шорманұлы Құлышов
Маңғыстау облыстық мүгедектік
спорт клубының басшысы
Суреттер автордыкі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему