Маңғыстау облысы  Полиция департаментінің аппараты коменданттық патрульдеудің бақылау режиміне көшті
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің аппараты коменданттық патрульдеудің бақылау режиміне көшті

28 Мая 2020 (10:46) | 1673 | Автор: Нурганым Имашева

Өңірде  Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы генерал-майоры Ж.Бақтыбаевтың нұсқаулығымен аппарат  басшылығынан  арасынан  коменданттық патрульдеу тобы құрылды.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Атаулы топ қазіргі таңда қала және аудан көлемінде қызмет атқарып жүрген жеке құрамның қызметін бақылап, қызметкерлерге кемшіліктерді болдырмау бағытында әдістемелік кеңес беріп, тиімділіктерін арттыруда.

 

Бұл шараның негізгі мақсаты - қызметкерлер арасында заңбұзушылықты мүлде болдырмау, нормативтік құжаттармен сапалы іс жүргізу,  қағидалар мен ережелерді ұстануын, моральдық-этикалық нормаларды сақтауын да  қадағалау.

 

Топ құрамындағы Департамент бастығының Кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Б.Ақшауов әрбір қызметкерге ІІО-ның қағидалары мен талаптарымен тағы да таныстырып, жеке-жеке сұхбат жүргізіп, олардың сұрақтары мен өтініштерін ескерді. Сұхбат барысында:

 

- Маңғыстау облысы ПД жеке құрамы арасында барлық басқарма, дербес бөлім және қала, аудандық ішкі істер органдарының қоғамдық құрылымдардың қызметін, мақсатты тәрбие жұмысын жандандыру, патриоттық тәрбиені, кіші және орта басшы құрамның құқықтары мен мүдделерін қорғау, полицейлер ортасында тәртіп пен заңдылықты нығайту мақсатында мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауын, азаматтарға әдепсіздік көрсету фактілері офицерлік және полицейлік кеңестерде тәртіптік комиссияның отырысымен қаралып, ІІО-нан босатуға дейінгі шаралары қабылданатындығы назарларына жеткізілді, - деп айтып өтті.

 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Алдағы уақытта арнайы мобильді топ мүшелері жоспарға  сәйкес, Маңғыстау облысы ПД бойынша Кадр саясаты басқармасы, әкімшілік полиция басқармасы, Тылдық қамтамасыз ету басқармасы және Өзіндік қауіпсіздік басқармасының санынан жеке құрам арасында тәртіппен заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында белгіленген киім нысанын кию, айырым және ерекшелік белгілерін тағу ережелерін сақтауын, қызметкерлердің сыртқы келбетін, қызметтік куәліктері мен жеке белгілерінің бар-жоғын тексеруі, қызметтік және жеке автокөлігін пайдалану тәртібін тексеруді жалғастырады.

 

Қазіргі таңда  Департамент бастығы патрульдердің бейнежетондарының қызметі мен дұрыстығын, бейнежазбаларын  тікелей өзі тексеруде.

 

Ал өңірдегі барлық қызметті күнделікті бақылап, әрбір қадамдарын ПД бастығы орынбасарларының жеке жауапкершілігіне жүктеді».

 

Суреттерді түсірген ПД баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему