Тәртіп  сақшысы «Мемлекеттік тіл – достық тірегі»  атты облыстық  байқауына қатысты
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 11:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тәртіп сақшысы «Мемлекеттік тіл – достық тірегі» атты облыстық байқауына қатысты

11 Марта 2018 (09:07) | 1879 | Автор: Нурганым Имашева

Ағымдағы жылдың 23 ақпаны күні «Халықаралық Ана тілі» күніне орай, Маңғыстау облысының Тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастырумен өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуге арналған  «Мемлекеттік тіл – достық тірегі»  облыстық  байқауы өтті.

 

 

Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңыздылығын насихаттау, өзге ұлт жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданылу  аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру, талантты жастарды  анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға Жаңаөзен қаласы Ішкі істер басқармасы арнайы қабылдау бөлімінің аға полиция сержанты Казиев Шахнур Эрханович қатысты. Бұл шарада тақырыптың мазмұнын ашуы, сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуы бойынша талаптары басшылыққа алынды.

 

 Байқау «Таныстыру» сайысынан басталды.  Аталған байқау кезеңінде Шахнұр өзін қазақ және өзбек тілінде таныстырды.

 

Полиция қызметкері Шахнур Эрханович «Ұсынылған тақырып бойынша дайындықсыз ауызша тұсаукесер жасауда»  ұлы  Абайдың   «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі  қашық болатын және асық болатын бес нәрсені айтып, ой-пікірінің тереңдігін көрсетті.

 

 

Байқаудың үшінші  кезеңінде полиция қызметкері  «Астана ұлы  дала - ел ордасы»  тақырыбына эссе жазу конкурсында  өзінің  жазу шеберлігін байқатты, сонымен қатар шығарманы орындау барысында  грамматикалық  сауаттылығын танытты.

 

Байқаудың соңында «Шабыт жұлдызы» атты  шығармашылық тапсырмасы бойынша сайыста қатысушылар  қазақтың ұлттық өнерінен: би, күй, әндерін орындады.  Аталған байқауға  өзімен бірге қатысқан жары Махинурмен бірге  Шахнұр қазақтың «Қара жорғасын»  мәнеріне келтіре биледі.  Жастардың өнеріне риза болған көрермендер ұлттық өнерді зор ықыласпен қабылдады. Байқаудың қорытындысы бойынша  тәртіп сақшысына «Алғыс хат»  табысталды.  

 

Аталған тіл байқауы  ұлттар татулығын, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен жандандыру бағытындағы маңызы зор  шара болды.

 

Маңғыстау облысының ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі

 

Суреттерді  ұсынған  ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему