Ақтаулық түлек ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары ұпай жинады
27 Мая 2021 (11:26) | 1743 | Автор: Редакция
Ұлттық бірыңғай тестілеуде Ақтаулық түлек Исмағұлова Жанерке ең жоғары 135 баллды жинады.
Жанерке Ақтадағы №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте 6- сыныптан бастап оқиды.
Білімге құштар түлек бірнеше мәрте облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған. Одан өзге Киокушинкай –кан каратэмен айналысып Ақтау қалалық чемпионатын да жүлдегер болған. Математика –физика пәндерін мамандығына арқау еткен Жанерке ақпараттық технологиялар бағыты бойынша Алматы қаласындағы Қазақ Британ техникалық университетінің талапкері атанды.
Сонымен қатар, осы оқу жылы үздік білімінің нәтижесінде «Елбасы медалі» бағдарламасының қола медаль иегері атанды.
«Ойлаған армандарым, алға қойған мақсаттарым жетерлік. Жаңа заманауи мамандықты игеріп, еліміздің дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Болашаққа нық қадам басып, арманым орындалады деген сенімдемін», – дейді Жанерке.
Жанерке Ұлттық бірыңғай тестілеу әр түлекке ерекше мүмкіндік сыйлап, сонымен бірге сынақ әділ әрі ерекше өтіп жатқанын ерекше атап өтті.
Фото: Pandaland.kz
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему