Маңғыстауда сирек кездесетін дертке шалдыққан бүлдіршінге қымбат емдік препарат сатып алынды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 19:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда сирек кездесетін дертке шалдыққан бүлдіршінге қымбат емдік препарат сатып алынды

9 Января 2023 (13:21) | 836 | Автор: Редакция

Дүниежүзі бойынша сирек кездесетін ауруға шалдыққан маңғыстаулық 3 жасар бүлдіршінге құны 13 млн 144 мың теңге тұратын «Цистадан» препараты сатып алынды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Бұл дәрімен бүлдіршінді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Қазақстан халқына» қоры қамтамасыз етті.

 

2022 жылдың наурыз айында бүлдіршіннің ата-анасы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына жүгінген. Басқарма басшылығы науқасты тез арада дәрімен қамтамасыз ету үшін «Қазақстан халқына» қорына хат жолдаған.

 

Кейін аталған қор тарапынан қолдау көрсетіліп, қаржы бөлінген. 6-қаңтар күні «Цистадан» атты препараттың 25 құтысы Маңғыстау облысына жеткізілді. Бір құтының құны 525 мың 780 теңге. Цистадан - бұл ұнтақ түріндегі препарат. Енді дертке шалдыққан науқас аталған дәріні қабылдап бастайды.

 

Гомоцистинурия дерті организмді метиониннің маңызды амин қышқылын өңдеуге кедергі келтіретін ауру түрі. Ауру әдетте нәрестелерге өмірдің алғашқы жылдарында әсер етеді. Ал, аурудың сирек кездесетін түрлері балалардың салмағының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жалпы әлем бойынша аталған дертке 11 бала шалдыққан. Соның бірі Маңғыстау облысында тіркеліп отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему