Тәуелсіз Елге тарту
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 09:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тәуелсіз Елге тарту

20 Июня 2016 (15:14) | 2618 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық филармониясының ұжымы өз өнерімен аймақ тұрғындарын тағы бір рет тәнті етті. Бұл жолғы ұйымдастырылған концерт Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарту болатын.

 

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің маусым жабар «Туған ел - бәйтерегім» атты концерттік бағдарламасының шымылдығы`алғаш рет орындалған Бауыржан Көбенғалиевтың «Түбек толғауы» симфониялық поэмасымен ашылды.

 

Облыстық филармония директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Нұрболат Мұсағалиев:

- Бүгінгі концерттік бағдарламамыз Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Өнер кешін аймақ басшысы Алик Серікұлы Айдарбаев пен Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Таңатарұлы Базарбаевтың-         қолдау көрсетуімен ұйымдастыруға мүмкіндік туды.

Кеште елімізге танымал «ҚР Мәдениет қайраткері» Жоламан Көшкінов ағамыз, «Мәдениет саласының үздігі Асанәлі Көшеров, Ақмарал Ерімбетова, Тұрсынгүл Меңдіғалиева және т.б. өнерпаздарымыз өнер көрсетті.

Концертті халық назарына ұсыну арқылы өскелең ұрпақты қазақтың ұлттық өнеріне баулу, ұлттық мәдени мұрамызды келешекке жалғауды мақсат тұттық. Көненің көзі саналатын күйлерімізді орындаумен төл өнеріміздің өрісін кеңейте түсуді көздедік.

Бауыржан Көбенғалиевтың «Түбек толғауы» симфониялық поэмасы бүгін оркестрдің орындауында тұңғыш рет көрермен назарына ұсынылды.

Халықаралық конкурстардың бірнеше мәрте лауреаты Шахаризада Сапарова Исаак Дунаевскийдің «Вольный ветер» опереттасынан «Песенька Пипеты» деген шығарманы аймақтың өнерсүйер қауымы үшін осы кеште алғаш рет орындап, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Мұндай шығарма халық аспаптар оркестріне бұрын-соңды түсірілген емес. Өнер жанашырлары бұл туындыны өте жақсы қарсы алды, - деген пікірімен бөлісті.

 

 

Өрелі өнер кешіндегі Абыл Тарақұлы атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің орындауындағы шығармаларға, оркестрдің көркемдік жетекшісі және Бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Рахат Мәдреев жетекшілік етті.

 

Серікжан Әбдінұров пен Әли Бектаевтың «Туған-ел - Бәйтерегім» әнін тамылжыта орындаған ҚР мәдениет қайраткері Жоламан Көшкіновты көрермендер сүйсіне тыңдады.

 

Концертте нақышына келтіре орындалған асқақ әндер мен күмбірлі күйлерді кешті жүргізушілердің құлаққа жағымды үнімен дыбысталған кез-келген жанның туған жер, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін паш ететін тамаша жыр жолдары әрлендіре түсті.

 

Облыстық филармонияның майталман әншісі ҚР мәдениет қайраткері Жоламан Көшкінов:

- Тәуелсіз, тұғырлы еліміздің Тәуелсіздігі мәңгі болып, еліміз тыныш болсын деген тілегімді білдіре отырып, бүгінгі кеште өзім тұңғыш орындаған «Туған-ел - Бәйтерегім» әнін Маңғыстау еліне арнадым. Концертіміздің тақырыбы да осы әннің атымен аталды. Сондықтан Қазақ елі осы әндегі Бәйтеректей биікке ұмтылған, тамыры тереңге жайылған Мәңгілік Ел болсын, береке-байлығы арта берсін, - деген ақ тілегін еліне арнады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему