Ақтауда әскерилер шағын футболдан бақ сынасты
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 01:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда әскерилер шағын футболдан бақ сынасты

4 Апреля 2023 (15:36) | 2228 | Автор: Редакция

Қазақстан Республикасы тергеу қызметінің құрылғанына 60 жыл толуынаорай, Ақтау гарнизонындағы Қарулы Күштер құрылымдарының әскери қызметшілер арасында шағын футболдан турнир өткізілді.

Спорттық додаға Ақтау қаласындағы әскери теңіз базасы, әртекті кемелер дивизионы, теңіз жаяу әскери бригадасы, әуеге қарсы қорғаныс күштері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы, әскери полиция, ұлттық ұлан, шекара қызметі, әскери тергеу бөлімі және авиацияалық базасының әскери қызметшілерінен құралған 10 команда, 100 астам әскерилер қатысты. 

Жарыстың мақсаты – жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар әскери бөлімді анықтау, әскерилер арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, жауынгерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярылығын дамыту болып табылады. 

–Әскери қызметшілер арасындағы шағын футболдан жарыс тартысты өтті, себебі  барлық командалар шеберліктерімен өздерінің спортта осал емес екендіктерін көрсетті. Бұндай жарыстар арқылы гарнизонымыздағы әскери бөлімдерінің достығын берік қылдыру және салауатты өмірді насихаттау басты мақсатымыз болып қалады, - деді Әскери тергеу басқармасының бастығы полковник Тимур Исаков

  Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтау өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы, екінші орынды - материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы, және үшінші орынды – ұлттық ұланның жауынгерлері иеленді. Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен марапатталды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему