Серікбол Қондыбайдың екі кітабының тұсауы кесілді
13 Февраля 2021 (10:34) | 2080 | Автор: Редакция
Маңғыстау ауданына қарасты Шетпе ауылындағы Серікбол Қондыбай мемориалдық музейінде ғалымның еңбектері желісі бойынша екі бірдей кітаптың тұсаукесері өтті.
Олар 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы мен Ұлы дала өркениеті» және «Серікбол Қондыбай зерттеулерінің ғылыми-танымдық тұжырымдамасы». Шараға кітап авторлары, серікболтанушылар мен өлкетанушылар қатысты.
Айта кетейік, Серікбол Қондыбай өлкемізден шыққан географ, өлкетанушы, тарихшы және тұңғыш мифолог. «Маңғыстау географиясы», «Гиперборея түс көрген заман шежіресі», «Есен қазақ», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Арғықазақ мифологиясы» атты еңбектердің авторы.
Ол Қазақстанда мифтік лингвистикалық мектептің негізін салушылардың бірі. Ол осы жолда мифтік деректер мен мифологиялық нышан-символдарды жүйелеудің әдістемесін және әдіснамасын қалыптастырды. Жарық көрген кітаптар ғылыми көпшілікке, оқырман қауымға және магистранттарға арналған оқулық болмақ.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему