Маңғыстаулық құқық қорғаушылар арасында волейболдан чемпионат ұйымдастырылды
26 Марта 2018 (13:43) | 1952 | Автор: Нурганым Имашева
Ағымдағы жылдың 13-14 наурыз күндері аралығында Маңғыстау облысы құқық қорғау органдары арасында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай волейболдан «Динамо» спорт кешенінде чемпионат өткізілді.
Аталған чемпионатқа Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті, Маңғыстау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Маңғыстау облысы Күзет мемлекеттік қызметі басқармасы, Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасы, Жаңаөзен қаласы Ішкі істер басқармасы, Маңғыстау ауданы ішкі істер бөлімі, Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімі және № 6656 әскери бөлімінен құралған командалар қатысты.
Жарыстың нәтижесінде командалық 1-орынға Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті, 2-орынға - Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті және 3-орынға Жаңаөзен қаласы Ішкі істер басқармасы ие болды.
Сондай-ақ, номинация бойынша «Үздік шабуылшы» атағына - ІІД ЖҚАЖ-ның қызметкері Құралбаев Мерей, «Үздік либеро» атағына - Ақтау ҚІІБ-ның қызметкері Ибрагимов Мейіржан және «Үздік ойыншы» атағына - Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Джыккембаев Сыйлаған ие болды.
ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему