Биыл Ақтауда 10 балалар ойын алаңын қалпына келтіру жоспарланып отыр
14 Января 2021 (12:07) | 2965 | Автор: Редакция
Бұл туралы Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Алпысбай Таубаев мәлім етті.
Айтуынша қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді деп жоспарланған.
"2020 жылы 3а-25, 3-44, 4-22, 4-58, 11-3, 14-40, 31б-30, Рауан және Приморский тұрғын үй массивіне 9 ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні толықтай жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. Енді қаражат бөлінсе осы жылы халық игілігі үшін сұранысқа сай жаңадан тағы 10 ойын алаңын қалпына келтіруді бастаймыз",-деді Алпысбай Таубаев.
Ақтауда барлығы 264 балалар ойын алаңы бар. Оның 124-і жөндеуді қажет етеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему