Жаңаөзендік балуан Тюмень қаласындағы жарыста чемпион атанды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 04:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзендік балуан Тюмень қаласындағы жарыста чемпион атанды

10 Октября 2017 (13:06) | 1605 | Автор: Нурганым Имашева

6-8 қазан аралығында Тюмень қаласында дзюдодан халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарысқа Жапония, Моңғолия, Қазақстан, Франция, Хорватия, Белоруссия, Ресей, Армения, Тәжікстан, Иран, Австрия, Чехия, Швеция, Грузия мемлекеттерінің 600 балуаны қатысты. 

 

 

Халықаралық жарыстан жаңаөзендік балуан Әділ Марлен алтын медальді иеленіп, жарыс чемпионы атанды. Жалпы, аталмыш жарыстан қазақстандық спортшылар 3 алтын және 2 күміс медальды олжалады.

 

Боз кілемге 60 келі салмақта белдесуге шыққан Марлен Әділ алдымен омскілік және волгоградтық балуандарды «иппон» әдісіменжауырындарын жерге тигізіп, боз кілемнің иесі екендігін дәлелдеді. Одан кейін тюменьдік, австриялық, франциялық қарсыластарын тізе бүктіріп, ақтық кезеңге жолдама алды. Шешуші сәтте тәжікстандық балуанды айқын басымдылықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанып, алтын медальді еншіледі.

 

 

-Мықтылар бас қосқан жарыста жеңіс тұғырынан көріну үшін шәкіртім барын салдым. Халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, Тьюменде еліміздің әнұранын әуелетті.

 

Марлен - бұған дейін дзюдодан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Спортпен 9 жасынан бастап айналысады.

 

Бүгінгі таңда Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатында білім алып жатыр.

 

Енді бізді 18-21 қазан күндері Теміртауда дзюдодан өтетін халықаралық жарыс күтіп тұр. Жалпы, қазіргі таңда мен жаңаөзендік 50 жасты дзюдо күресімен жаттықтырып жүрмін,-дейді жаңаөзендік бапкер Сапар Бурамбаев.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему