Әзірбайжандағы қазақтармен кездесу
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 01:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әзірбайжандағы қазақтармен кездесу

22 Ноября 2016 (23:10) | 2209 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

«Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысында қолға алынып жатқан «Шетелде тұратын отандастармен әлеуметтік және мәдени байланыстарды дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу» жобасы аясында шаралар жалғасуда. Бұл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық ішкі саясат басқармасының жаңа жобасы.

 

  Делегация мүшелері Әзірбайжанның Баку қаласында болып, бүкіләлемдік кеден ұйымы ғимаратында қазақ диаспорасы өкілдері мен қазақстандық студенттермен кездесті. Алғашқы сөзді қоғамдық бірлестіктің төрайымы Анар Шамшадинова алып, жаңашыл жобаның жай-жапсарын, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша елімізде атқарылып жатқан игі істер мен 25 жылдағы жетістіктермен бөлісті. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 нақты қадам «Ұлт жоспары» бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жоспары. Елбасымыздың сөзімен айтсақ, «Ұлт жоспары – бұл аурулардың сыртқы белгілерін сылап-сипап қою емес, оны жүйелі емдеу». Қазақстан Тәуелсіздігінің 25жылдығына үлкен жетістіктермен, зор мақтанышпен жетіп отыр. Осы уақыт ішінде еліміз жер бетінің алпауыт мемлекеттерінің қатарына қосылуға ұмтылып, әлемге танылды. Қазақ елі бүгінде тұрақты даму жолына түсіп, халқының әлеуметтік ахуалын жасау үшін бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда»,-деді «Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Шамшадинова.

 

Баку қаласында тұратын қандастарымыз көп емес. Отандастарымыздың көбісі Әзірбайжан астанасынан алшақта тұрады екен. Есесіне Бакуде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің саны жыл санап артып барады. Солардың бірі – Нұрдәулет Серіков. Әзірбайжан теңіз академиясының 4 курс студенті шетелде алған білімді туған елдің игілігіне жұмсаймын, дейді. «Қазақстандық делегациялармен өткізілетін мұндай шараларға қуана-қуана келемін! Елімнің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болып, Қазақстан әрқашан алға қарай қарыштай бергей! Әрине, елді сағынамын. Бірақ, мұнда алған білімді туған жерімнің болашағына арнайтынымды ойласам, білімге деген құштарлығым артады. Бізді іздеп алыстан келген маңғыстаулық «Жанартау» қоғамдық бірлестігіне сәттілік тілеймін»,-деді болашақ теңізші Н. Серіков.

 

Қазақстандық делегациямен кездесуге әзірбайжан ұлтының өкілдері де қатысты. Түбі бір түркі тілдес қос ұлттың азаматтары өз тілдерінде сөйлесе де, бір-бірін ықыласпен тыңдап аудармашысыз түсінесе алды. Каспий теңізіндегі көршілер қазақ еліне деген сүйіспеншіліктерін жеткізді. «Қазақстандық қымбатты достар! Түбі бір түркі халқымыз ғой! Бүгінде экономикасы қарқынды дамыған Қазақстанды өте құрмет тұтатынымды айтқым келеді. Екі ел бауыр, дос. Арамызды Каспий теңізі болып жатыр, бірақ, ол достыққа шекара емес, қайта ол алтын көпір. Қазақ халқымен жүзіміз бір, ниетіміз бір, бағытымыз бір. Қазақстан дамып, ұрпақтары өсе берсін! Әрқашан Алланың назарында болғай! Маңғыстаудан келген «Жанартау» қоғамдық ұйымына алғыс айта отырып, қадамдарыңызға гүл біткейдеп тілеймін»,-деді Бакудағы шет тілдер университетінің оқытушысы, профессор М.Теймурұлы. «Қазақстан – Каспий теңізіндегі көршіміз әрі досымыз. Біз түркі елдері туыспыз. Абай, Көріғұлы, Низами, Джами, Физули, Сүлейменов, Анар және Айтматов сынды ортақ ұлы тұлғаларымыз бар. Қос Президент Н.Назарбаев пен И.Алиевтің достығы да көпке үлгі боларлық. Елбасылар достығы - елдердің достығы»,-деді әзірбайжандық ақын З.Ағдамұлы.

 

Әзірбайжан Республикасы Азия мен Еуропа аралығында Шығыс Кавказда орналасқан. Солтүстігінде Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы оңтүстікте Иранмен, батыста Армениямен, Түркиямен, Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. 86,6 мың шақырымды алып жатқан аумақта 9,5 млн халық тұрады. Халқының 83 пайызы әзірбайжандарды құрайтын мемлекет тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады.

 

Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай, темір, полиметалл кендері, құрылыс материалдары мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері үлкен маңызға ие. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарып, ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өсірумен айналысады.

 

Әзірбайжан импортында азық-түлік өнімдері 65 пайызды құраса, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Қазақстан мен Әзірбайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 миллион АҚШ долларын құрайды. Елімізде Әзірбайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.

 

Қазақстаннан арнайы келіп, мазмұнды кездесу өткізіп жатқан «Жанартау» қоғамдық бірлестігіне, сондай-ақ, Маңғыстау облыстық әкімдігіне алғыс айтамын! Бұл шараға бауырлас ел өкілдері қазақтар мен әзірбайжандар қатысып отыр. Сондықтан да болашақта Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы достық пен мәдени байланыстарды дамытуға өз үлесін қосады деп сенемін. «Жанартаудың» жаңа жобасына сәттілік тілеймін! Осындай ел мен елді, ұлт пен ұлысты біріктіретін бастамалар көп болғай»-деді Әзірбайжандағы ҚР Елшілігі консулдық бөлімінің меңгерушісі Н.Аймашев.

 

Баку қаласында бір күн болып, ескі де жаңашыл астананың көз жауын алатын көрікті жерлерін көріп, тарихи орындарын аралаған делегация мүшелері Түркияның Стамбул қаласына аттанды.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему