Мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар берілді
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 07:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар берілді

20 Апреля 2018 (18:21) | 2080 | Автор: Нурганым Имашева

Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөліміменмектептерде Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге шақыру мақсатында мектеп бітірушілеріне арналған«Ашық есік күндері», жиындар, бейнеролик көрсетілімдері кеңінен жүргізілуде.

 

 

Осы бағытта «Көкшетау техникалық институтына» үміткер таңдау және қабылдау бойынша Қарақия ауданына қарасты елдімекендерде 9,10,11 сынып түлектерімен кездесу ұйымдастырылуда.

 

 Көкшетау техникалық институты жайлы видеоролик көрсетіліп, оқушыларға кәсіби бағдар беріліп, іс-шараға барлық мектептен 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушыларына келесідей ақпарттар түсіндірілді:

 

 

Оқуға түсу шарттары:

Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

 

Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігімен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қортындылары сертификатының баллдарына сәйкес жүргізіледі.

 

 

Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде:Қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.

 

Екінші кезеңде:Медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі.

 

Үшінші кезеңде: Талапкерлер бекітілген Нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады: бағбанада тартылу, 100 метр жүгіру, 3000метр жүгіру.

 

Төртінші кезеңде: Қабылдау комиссиясы курсанттар қатарына қабылдайды.

 

Институтқа оқуға қабылдау медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қортындыларын ескере отырып ҰБТ қортындылары бойынша сертификат баллдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.

 

 

Курсанттар қатарына қабылдау конкурсынөткізу кезінде басым құқыққа мыналар ие болады:

«Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар;

 

Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар тұлғалар;

 

Жеңімпаздар:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған);

 

Республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;

 

Ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиядалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары;

 

 

ҰБТ сертификаты баллдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, оқуға қабылдануға басым құқыққа ие болатындар:

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

 

Үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар тұлғалар;

 

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедек алған қызметкерлердің балалары оқуға түсетін талаптар бойынша белгіленген шектеу баллын алған жағдайда Институтқа сайыстан тыс қабылданды.

 

Институтқа түсуге ынта білдерген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің (Басқарма, Бөлімше) кадр жұмысы бөлімшелеріне өтініш (ерікті түрінде) береді.

 

Мамандықтар:

5В100100-Өрт қауіпсіздігі;

 

5В103100-Төтенше жағдайларда қорғау;

 

5В103200-Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері

 

Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлім бастығының м.а. азаматтық қорғау аға лейтенанты Елшібаев Данияр Дастанұлы мектеп түлектеріне Институтта оқу шарттары жайлы түсіндірді:

 

-Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады.

 

Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану және келесі мөлшерде 1-2курста -6317тенге, 3-4курста -10954тенге мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

 

Бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары казармалық жағдайда, төртінші курс-Көкшетау қаласында еркін тұрады.

 

Институтқа күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі,- деп мәлімдеді ол.

 

Мектеп түлектері аудандық ТЖ бөлімі басшысына оқуға түсу тәртібі туралы өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.

 

Қасқырбай Нұрсұлтан Қанатұлы 

Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің

азаматтық қорғау қатарындағы

инженер лауазымындағы тағылымгері

 

Суреттерді түсірген Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему