Балалық шақ мемлекеттің қорғауында
11 Июня 2020 (16:11) | 1826 | Автор: Нурганым Имашева
Балалық шақты қорғау басымды құқық қорғау мәселелерінің бірі болып табылады. Балаларға қатысты қандай да болмасын зорлық-зомбылық аса қатты тыйылуы қажет.
Ағымдағы жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты жасағаны үшін жазалар күшейтілді.
Бүгінгі күнге жас баланы зорлаған немесе жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған тұлға өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады (ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі).
Маңғыстау облысында қылмыстылық 2 325-тен 1 886-ға дейін (немесе 18,9%) төмендегеніне қарамастан, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар көбейді:
- зорлау – 0-ден 4-ке дейін;
- сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері – 1-ден 3-ке дейін;
- он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау – 8-ден 9-ға дейін.
Сондай-ақ, қылмыстарды жақын туыстар (ағасы, өгей әкесі және т.б.), балалардың ата-аналарының достары жасау жағдайлары жиілеп кетті.
Осыған орай, өңір тұрғындарын балаларды қараусыз қалдырмауға, олармен әңгімелесіп, мәселелері мен шиеленістерін анықтауға, мүмкіндігінше кешкі және түнгі уақыттарда далада жүруіне жол бермеуге, аз адамдық қараңғы көшелерде, аулаларда және т.б. жерлерде ұзақ уақыт қараусыз қалдырудан аулақ болуға және қандай ортада жүретіндігіне аса көңіл бөлуді сұраймыз.
Қылмыстың зардаптарын жойғаннан гөрі, оның алдын алғанымыз дұрыс.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуге шақырамыз.
Балалардың құқығын қорғау – бұл мемлекет пен қоғамның өзара байланыс іс-қимыл жүйесі,- деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Сурет редакция мұрағатынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему