Маңғыстауда жыл басынан бері 17661 адам тұрақты жұмысқа орналасты
29 Сентября 2021 (16:48) | 1388 | Автор: Редакция
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шыңғыс Дүйсенов мәлім етті.
Фото: kazislam.kz
Оың айтуынша, 2021 жылдан бастап 625 адам әлеуметтік жұмысқа, 888 адам жастар практикасына және 4 670 адам қоғамдық жұмыстарға кірісті. Сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 58 адам қызметке орналастырылды.
«Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерде 113 адамға микрокредит берілді. Нәтижесінде 124 жұмыс орны құрылды. Ал, қалалық жерлерде 54 адамға микрокредит беріліп, 80 жұмыс орны құрылды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін барлығы 354,1 млн. теңге көлемінде 607 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Қазір 608 грант беріліп, 36 жаңа жұмыс орны құрылды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне барлығы 1029 адам оқуға жіберіліп, 994 адам оқуды аяқтады»,-деді Шыңғыс Дүйсенов.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста жұмысқа қабілетті 347010 адам бар. Оның 329 929-ы жұмыспен қамтылған. Өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыз ретінде 11 251 адам тіркеуде тұр. Оның ішінде 6 292 - әйел адам, 4 115-і - 16-29 жас аралығындағы жастар.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему