Жыл басынан Маңғыстау өңірінде 62 баланы ит қауып алған
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 16:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жыл басынан Маңғыстау өңірінде 62 баланы ит қауып алған

25 Мая 2020 (14:44) | 2659 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

-Үстіміздегі жылдың 5 айында 62 баланы ит қауып алған. Соңғы жағдай Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында орын алған. Көршінің иті 12 жастағы баланың аяғының бірнеше жерін тістеген. Жарақат алған балаға шұғыл түрде ота жасалып, құтыруға қарсы вакцина алу шаралары ұйымдастырылды.

 

Оқиға орын алған бойда баланың ата-анасы шұғыл медициналық көмекке жүгінді. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ит қауып алған науқасқа барлық тиісті ем-дом шаралары жасалды. Оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ,-дейді баспасөз қызметінің өкілі.

 

Оның мәлімдеуінше, егер жыл басынан ит қабу дерегі бойынша 62 бала медициналық көмекке жүгінген болса, өткен 2019 жылы осындай 143 жағдай орын алған. Маңғыстау облыстық шұғыл медициналық жәрдем станциясына осындай деректермен Мұнайлы ауданының Басқұдық және Атамекен ауылдары, сондай-ақ Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Сайын-Шапағатов ауылдарынан жиі хабарласады.

 

 

Сурет yandex.kz сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему