Жаңаөзендегі түнгі рейд барысында тәртіп сақшылары көптеген жүргізушілерге айыппұл салды
Курс валют в Актау
на 22/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Ноября, 10:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзендегі түнгі рейд барысында тәртіп сақшылары көптеген жүргізушілерге айыппұл салды

5 Сентября 2018 (09:47) | 3116 | Автор: Нурганым Имашева

2018 жылдың тамыз айының 31-нен қырқүйек айының 01-не қараған түні, «Абайлаңыз балалар» республикалық профилактикалық іс-шарасына дайындық барысында Жаңаөзен қаласы және оған қарасты Теңге, Рахат елдімекендерінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Ақтау ҚІІБ ЖПҚ инспекторлары мен Жаңаөзен қаласы ІІБ ЖПҚ ЖППР қызметкерлері төмендегідей бірқатар заңбұзушылықтың алдын алып, жол қозғалысының ережелері бойынша тұрғындар арасында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

 

Жаңаөзен қаласында инспекторлар рейд жүргізу барысында: Ақтау ҚІІБ ЖПҚ ЖППБ 3-ротасының қызмет инспекторы полиция капитаны Нұрбол Исмайлов:

 

-Жүргізушілердің басым көпшілігі қауіпсіздік белгісін тақпағаны және жол қозғалысына қасақана кедергі келтіргені үшін тоқтатылды. Тоқталған жүргізушілермен құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.

 

 Бұл шараның басты мақсаты 1-5 қыркүйек арасындағы оқу жылы қарсаңында өткізіліп жатқан «Абайлаңыз балалар!» жедел –профилактикалық іс-шарасы мақсатында ұйымдастырылды. Балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін жол журу ережесіне бағынбайтын көлік иелеріне айыппұл салынып, шара қолданылды.

 

 

Жол қозғалыс ережелері бойынша: 34 адамға мына заңбұзушылықтар үшін

7 азаматқа айыппұл салынды – (қауіпсіздік белдігін тақпағаны) үшін;

1 адам – (ұялы телефон қолданғаны үшін) – айыппұл төлейді;

1 азамат – (жол белгісі талабын орындамағаны үшін);

 3 көлік жүргізушісі – (терезені қараңғылағаны үшін);

3 жүргізуші – (бұрылу кезінде жарық шамын қоспаған);

 5 адам – (құжатсыз көлік басқарғаны үшін);

2 көлік жүргізушісіне – (жаяу жүргіншілерге жол бермеу) фактісі бойынша;

 1 адам – (рұқсатсыз қайта жабдықтау)- үшін;

 1 жүргізуші – (бағдаршамның жүруге рұқсат етілмеген түсінен өту) бойынша айыппұл төлесе;

3 көлік жүргізуші – (көлікті жарық шамын жақпай басқарғаны үшін);

1 жүргізуші – (ЖППР қызметкерінің заңды тоқтату талабын орындамағаны үшін) –жазаланған;

5 адам – (жол қозғалысына қасақана кедергі келтіру фактісі бойынша);

3 азаматқа -нөлдік төзімділік қағидаты бойынша айыппұл салынса;

2 адам – (халықтың қалыпты түнгі тыныштығын бұзу фактісі бойынша айыпталды);

1 адамға - (белгіленбеген орында темекі шеккені үшін) –.айыппұл салынды, - деп мәлімдеді.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысының Ішкі Істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Ішкі Істер департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему