Сұранысқа ие дәрілер Маңғыстау дәріханаларына осы аптада түседі
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 07:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сұранысқа ие дәрілер Маңғыстау дәріханаларына осы аптада түседі

30 Июня 2020 (15:27) | 3251 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

 

 

Науқастанушылардың көбеюіне және халықтың жаппай сатып алуына байланысты дәріханаларда қызуды түсіретін, вирусқа қарсы дәрілер мен антибиотиктер және дене қызуын өлшейтін құралдар тапшылығы байқалды. Тіпті кейбірі мүлде жоқ. Мұндай жағдай еліміздің барлық өңірінде орын алып отыр.

 

Ринат Кубатаевтың айтуынша осы аптада аталған дәрі-дәрмектер облыс дәріханаларына түсе бастайды. Жалпы Маңғыстауда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін ірі 4 көтерме қойма бар. Оның үшеуі алматылық компания, біреуі жергілікті мекемеге қарасты. «Қазір «Эмити» компаниясының басшыларымен келісілді. Алдағы 1-2 күнде сұранысқа ие, қажетті деген дәрі-дәрмек өңірге жолданады.

 

Ал, «Медсервис» мекемесі ертең бір көлікке тиелген медициналық препаратты Алматыдан Ақтауға жібереді. «Инкар» комнаиясы болса бейсенбі, жұма күндері әуе борты арқылы жібереді. Осылайша осы аптада қажетті дәрі-дәрмек облыстағы дәріханаларға сатылымға түседі деп күтіп отырмыз.

 

Жалпы шетелден келетін дәрілер фармацевтикалық дестрибьюторлардың мәліметтері бойынша шекарада тұр. Дәрілік заттар кеденнен және қауіпсіздік бағасынан өткені туралы сертификатын алғаннан кейін облыстық дәріханаларға таратылады,-деді МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев.

 

 

-Дәрілер қоймаға түскен соң, оның қандай дәріханаларға жіберілгенін БАҚ арқылы қосымша хабарлап отырамыз,-деді Ринат Кубатаев.

  

Суреттерді түсірген қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему