Тағлымы мол полиция музейі
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 09:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тағлымы мол полиция музейі

18 Мая 2020 (11:28) | 1725 | Автор: Нурганым Имашева

18-мамырда еліміздежыл сайын музей күніаталып өтетіні белгілі. Осы айтулы күнге орай Маңғыстау облысы Полиция Департаменті музейінің меңгерушісі  А. Алекешева өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу құралы ретінде  үлкен үлес қосып отырған ведомстволық музейдің ролі туралы осы мақаласын біздің басылымға жолдапты.

 

 

«Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады» деп айдар тағылған осы материалына автор мынадай эпиграфты қолданған.

 

«Тірілер есте сақтасын!

«Ұрпақтар біліп өссін!»

 

Бүгінгі күні қоғам жаңа ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту саласында маңызды міндеттерді қояды. Мемлекет игілігі үшін қызмет істеуге және қажет болған жағдайда оны қорғау үшін қай кезеңде де дайын болатын дені сау, батыл, тың ойлармен алға бастайтын,  сауатты адамдар қажет.

 

2020 жылғы 9 мамырда бүкіл ел мерейтойлық күнді – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтті. Сол отты жылдардан көзі тірі батырларының қатары сиреді, бірақ қазақ халқы бақытты өмір сыйлаған ержүрек ұлдарының есімін мәңгі есте сақтап, қастерлеп құрметтейді. Елімізде соғыстың ащы дәмін татпаған, қасірет оты айналып өтпеген бірде бір отбасы болған емес.

 

Философиялық даналық былай дейді: "Өткенсіз болашақ жоқ, ал, болашақ - біздің балаларымыз. Ұрпағымызды халқымыздың ерлік жолын үлгі етумен  тәрбиелеуіміз керек.

 

Әсіресе бүгінгі таңда аға ұрпақ ұстанған дәстүрлерді жас ұрпақтың жадында сақтау өзекті мәселе болып отыр. Бұны шешу бағытында музей қызметі арқылы өз елінің өткені мен бүгініне немқұрайлы қарамайтын патриотты тәрбиелеу міндеті қойылды.

 

Маңғыстау облысының Полиция департаментінде "Естелік"жобасы жүзеге асырылуда. Осы жобаны жүзеге асырудың бірден бір жолы-музей қызметі. Ведомстволық даңқ мұражайы 2004 жылы құрылды. 2019 жылы жаңа құнды жәдігерлермен толықтырылып қайтадан жасақталды. Осы уақыт ішінде мұражайды келіп көрушілердің саны  екі мыңнан асты.

 

Музей қызметінің басты мақсаты - өскелең ұрпақты өзінің туған қаласына, халқына деген сүйіспеншіліктен басталатын  Отанды сүюге тәрбиелеу, сонымен қатар жастардың халықтың салт-дәстүрлеріне, отбасы дәстүрлерін білуге және оған құрметпен  қарауға, оларды сақтауға және салтымызды білуге тәрбиелеу.

 

Біздің ведомствалық музей - өзінің рухани-адамгершілік бағытымен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу ісінде жақсы көмекші. Музейсіз бүгінгі тарих  болмайды. Мұнда жас буынның ең жақсы қасиеттері қалыптасады. Осылайша, мұражай өзінің басты мақсатына жетеді, өйткені ол адамды рухани тұрғыдан байытады, ел тарихын, бабалар жолын көрсетеді. Сондықтан, музей біздің болашағымыз үшін, өткенді еске алу үшін қызмет етуге тиіс!

 

Департамент музейінде жылдан жылға өткізілетін шаралар қатары көбейіп келеді. Музей орны жас полиция қызметкерлерін, студенттер мен оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу орталығына айналды. Онда үнемі тақырыптық экскурсиялар өткізіліп, оқушылар ішкі істер органдары тарихының түрлі кезеңдерімен танысады. ҰОС ардагерлерімен, интернационалист – жауынгерлермен, тыл еңбеккерлерімен кездесулер де жиі өткізіліп тұрады.

 

 

Өмірдің өзі бұрын жасалған ерлікке тағзым жасамай, адамды ерлікке шабыттандыруға болмайтынын дәлелдейді. Біз өткен даңқты ерлік жолымызды ұмытуға құқымыз жоқ және оның жалғасы - кейінгі ұрпақтың істерінде көрініп, жадында сақталуы міндетті.

 

Бізге жастарымызға үлгі болатындай батыр кейіпкерлер қажет, болмаса бала кезінен борыш, жауапкершілік, адалдық, ерлік, отансүйгіштік сияқты жоғары ұғымдарды олардың санасына сіңіруге тиіспіз.

 

Музей жұмысы балаларға патриотизмді түсінуде тағы бір қадам жасауға, олар жоғары азаматтық дәстүрлердің мұрагерлері болып табылатыны туралы ойлануға көмектесетініне сенімдіміз, өйткені өз тарихын ұмытпайтын халық мәңгі жасайды.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему