Шаңды дауылдар кезіндегі қауіпсіздік ережелері
17 Апреля 2020 (09:18) | 13183 | Автор: Нурганым Имашева
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары облысымыз географиялық орналасуына байланысты күшті желдердің әсерінен туындайтын төтенше жағдайларға тәуелді. Осыған орай Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік ережелерін ескертеді.
Шаңды дауыл жақындағанда, терезе мен есіктерді мықтап жауып, бөлмеде болыңыз және малдарды қорада немесе оларға арналған орындарда ұстаған дұрыс.
Сонымен қатар ғимарат ішінде болсаңыз – электр қуаты өшірілгеніне, газ желісінің шүмектері жабылғанына көз жеткізу керек.
Көшеде болсаңыз - қауіпті ғимараттардан, көпірлерден, электр желілерінен, ағаштардан аулақ болуыңыз керек. Өзіңізді паналаушы құралдардың (қораптар, фанер бөлшектері және т.б.) көмегімен ұшатын қоқыстардан қорғауға болады. Сонымен қатар ескірген ғимараттарға барып паналаудан сақтаныңыз, олар да қатты жел әсерін құлап кетуі мүмкін. Көлікте болсаңыз, онда көріну жоғалған жағдайда, жолдың шетіне шығу керек, қозғалтқышты өшіріп, жолаушылар салонының есіктері мен терезелерін мықтап жабыңыз. Қозғалтқыштың ауа сүзгісін матамен ораңыз. Егер сіз шаңды дауыл далада болсаңыз, киіміңізді мықтап қысып, көзіңізді шаң мен құмнан қорғайтын арнайы көзілдірікпен қорғаңыз. Егер олар жоқ болса, онда шаңның көзге түсу мүмкіндігін азайту үшін оларды қолдарыңызбен жабыңыз. Одан әрі ық орынды тауып яғни: бұталар, сексеуіл, тегіс емес рельефті пайдаланыңыз.
Шаңның тыныс алу жүйесіне түсуін шектеу үшін, дауыл кезінде бірнеше рет дәке, шүберек немесе қол орамалдан жасалған маска арқылы дем алған жөн. Мүмкін болса жеке қорғаныс респираторын қолданыңыз.
Видеоны ұсынған Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Сурет express-k.kz сайтынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему