МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚОСЫМША ҮСТЕМАҚЫ БЕРЕТІН БОЛДЫ
16 Апреля 2020 (13:18) | 1892 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың шешімімен аймақтағы жедел-жәрдем қызметінің барлық 633 қызметкеріне 2 жалақы мөлшерінде үстемақы берілетін болды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 78 миллион теңге бөлінді.
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарайды.
Қазір облыста барлық шақыртуларға 46 жедел-жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Еңбекақысына қосымша бұл қаржы жедел-жәрдем қызметкерлерінің осыған дейін мемлекет тарапынан үстемақы алған, алмағанына қарамастан барлығына бірдей беріледі.
-Қауіпті індетпен күресуде тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін жедел-жәрдем қызметіндегі дәрігерлер, фельдшерлер, санитар қызметкерлер мен жүргізушілердің еңбегі ерен. Дәрігерлерге облыс халқының атынан алғысымды айтамын,-деді облыс әкімі С.Трұмов.
Сурет редакция мұрағатынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему