Өнер иелері марапатталды
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 03:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өнер иелері марапатталды

25 Мая 2016 (11:01) | 4885 | Автор: Нурганым Имашева

 

21 мамырда елімізде мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтілді. Атаулы күнге орай саланың үздіктері түрлі марапаттарға ие болды. Салтанатты шарада облыстық мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Базарбаев сөз алып, аймақтың мәдениет саласының жетістіктері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар музыкалық драма театрының қабырғасында қазақтың көпғасырлық дәстүрін насихаттайтын ерекше конкурс - ұлттық тағамдар мен киім үлгілерінің байқауы ұйымдастырылды.

 

БРИФИНГ ӨТТІ

Аталмыш шаралардан 1-2 бұрын облыстық коммуникациялар алаңында мәдениет басқармасының басшысы брифинг өткізді. Бекбол Базарбаев журналистерге өңірдегі мәдениет саласының алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы баяндады.

 

Бекбол Таңатарұлының айтуынша қазіргі таңда 32 шағын ауданда облыстық әмбебап кітапханасының құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысан мерзімінде аяқталып қолданысқа берілсе, кітапхана оқырмандарына жаңа ғимаратта қызмет көрсетілетін болады. Сондай-ақ, Бекбол Базарбаев брифингте Есенов университетінде музыка факультеті ашылуы мүмкін деді. Бүгінде екі жақты келіссөздер жүріп жатқандығын айтты.

 

МО мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Базарбаев:

- Қазір бізде музыкадан дәріс оқитын мұғалімдер де, оқуға ниетті студенттер де дайын. Тек осы құжатқа қатысты мәселелерді шешу қалды.

 

Сала басшысының мәлімдеуінше, «Маңғыстау облысының мәдениет және өнер мемлекеттік мекемелер жүйесінде 118 мәдениет ошағы бар, оның ішінде 15 облыстық (2 театр, 1 концерттік ұйым, 2 кітапхана, 6 мұражай, 1 тарихи-мәдени қорық, 1 кинотеатр, 1 облыстық ғылыми – әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы, 1 «Отпан» тарихи-мәдени кешені), 103 қалалық және аудандық (64 кітапхана, 39 клуб) мәдениет мекемелері қызмет етеді. Аймақтың мәдениет саласында 2 мыңға жуық қызметкер еңбек етеді».

 

 

ТӨЛ МЕРЕКЕДЕГІ МАРАПАТТАР

21 мамырда жыл сайын елімізде мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойланатын күн. Төл мейрамда мәдениет саласына еңбегі сіңген үздік қызметкерлер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Олардың барлығы өнер жолында жүріп, аймақ абыройын асқақтатқандар, өңірдің мәдениет саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан өнер майталмандары.

 

Салтанатты кеште өнер саңлақтарын марапаттау сәтінде сөйлеген сөзінде аймақ басшысы Алик Айдарбаев:

- Халықтың мәдениетін арттыру, ұлттық өнерімізді дәріптеу мәдениет қызметкерлері арқылы жүзеге асырылатыны анық. Маңғыстаудың мәдениет саласы күннен - күнге көркейіп, қанатын кеңге жайып келеді. Мәселен, өткен жылы аталмыш саланы дамыту үшін қазынадан 2,7 млрд теңге бөлінсе, биылға бөлінген қаражат құны 3 млрд теңгені құрап отыр,- деп атап өтті.

 

Мерекелік шара барысында өлкенің мәдени өміріне араласып жүрген 200-ге жуық дарынды әншілер мен мың бұралған бишілер және кітапхана саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер марапатқа ие болды. Атап айтсақ, 3 қызметкерге Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" төс белгісі, 7 адамға құрмет грамотасы табысталды. Оған қоса, 32 өнер қызметкері аймақ басшысының атынан Алғыс хатпен марапатталды. Ал, қалған 100-ге жуығы облыс әкімі орынбасарының және мәдениет басқармасының алғыс хатына ие болды.

 

"Мәдениет саласының үздігі" төс белігісін тағынғандардың қатарында М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның директоры Нұрболат Құдысов пен әнші Асанәлі Көшеров те бар. Күміс көмей әнші Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда 17 жылдан бері аянбай қызмет етіп келеді. Ол өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын былай жеткізді:

 

- Менің еңбегімді елеп, марапаттап жатқан сала басшылары мен аймақ басшысына алғысымды білдіремін. Өлке мәдениетін дамытуға қосқан үлесіміздің еленуі – өнер адамы үшін қанат бітіруімен қатар, одан әрі еселі еңбек етуге құлшындыра түседі. Әріптестерімді төл мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, баршасына да өнерде толағай табыстар тілеймін.

 

Мәдениет саласында 20 жыл қызмет етіп келе жатқан Есенбай Құлиев Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы. Ол былтырғы жылы «ҚР Мәдениет саласының үздігі» және биылғы жылы Президент стипендиясының иегері деген атақтарға ие болды. Төл мерекеде облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталған өнер иесі өз лебізін білдірді.

 

- Шығарған туындыларымыздың, әндеріміздің облыстық, республикалық байқаулардан бас жүлдесін алып, талай еленген еңбегімізге сай марапатталып жатқанымызға қуаныштымын. Мәдениет саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.

 

Алдағы уақытта да аймақ мәдениетін дамытуға бар күш-жігерімізді аянбай жұмсауға дайынбыз, - деді әнші-композитор, қазақтың тұңғыш барды Табылды Досымовтың шәкірті Есенбай Құлиев.

 

 

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ БАЙҚАУ

Мерекелік шарада ұлттық тағамдар мен киімдер үлгілерінің байқауы өтті. Қазақтың көпғасырлық дәстүрін насихаттайтын ерекше байқау музыкалық драма театрының қабырғасында ұйымдастырылды. Оған қатысуға жергілікті қолөнершілер мен ауыл шаруашылығы саласында кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалар ниет білдірген.

 

Облыстық деңгейдегі конкурс ұлттық тағам мен ұлттық киімді дәріптеу мақсатында, сондай-ақ "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің аясында өткізілді. Қатысушылардың барлығы да жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлер. Олар, өздерінің өнімдерін ұсынып, көпшіліктің бағасын алды.

 

Театрдың екінші қабатында ұлттық тағамдар көрмесі өтті. Қазы-қарта, жал-жая, бауырсақ, шелпек, сарысу, балқаймақ, қымыз, шұбат секілді тағамдардың барлығы осы жерден табылды. Өңіріміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда Маңғыстау ауданы, Түпқараған ауданы, Бейнеу ауданы, Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласынан келген шаруалар өздерінің таза, қоспасыз өнімдерін жұртшылыққа ұсынды. Олардың өнімдері тіл үйірген дәмділігімен және әсем безендірілуімен келушілердің назарын аударды.

 

Көрмеге сондай-ақ, қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдары қойылды. Мұнда, Түпқараған ауданының шаруалары орама төстік, үлпершек ет, қымыран сияқты ерекше дайындауды қажет ететін тағамдарды ұсыныпты.

 

Талапкерлердің өнеріне кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы өз бағасын берді. Жеңімпаздарға облыс әкімінің атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Байқау қорытындысында " Ұмытылған ұлттық тағам" аталымы бойынша 1-орын Маңғыстау ауданы, 2-орын Түпқараған ауданы болса, ал, 3- орын Ақтау қаласына бұйырды. Ал, "Заманауиландырылған ұлттық киім үлгісі" аталымы бойынша, 1-орынды "Тәрбия" ұлттық киімдер сән салоны, 2-орынды "Өрнек" сән үйі, 3-орынды "Нұршах" сән үйі жеңіп алды.

 

Үздік шыққандар маусым айында өтетін республикалық

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему