Маңғыстаулық кәсіпорында күніне 200 литр антисептик шығаруда
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 19:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық кәсіпорында күніне 200 литр антисептик шығаруда

11 Апреля 2020 (16:15) | 1791 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында алғаш рет антисептик өндіретін кәсіпорын ашылды. Шикізаттар көршілес елдерден тасымалданып отыр. Шығын көлемін есептей келе, өнім құны заңды тұлғаларға 5 литрі 20 мың тг деп белгіленген.

 

 

-Алдағы уақытта шикізатты әлдеқайда арзан бағамен алуды жоспарлап отырмыз. Сол кезде бағаны төмендетеміз. 5 л өнім үлкен ұжымдарға арналған. Жеке пайдалауға көлемі кіші түрін алуыңызға болады,- дейді кәсіпорын басшысы Н. Джалимов.

 

Жергілікті өнімнің құны сырттан тасымалдантын шикізаттар есебінен қойылады. Өнім құрамы: глицерин, спирт, су тотығы т.б қосындысы негізінен тұрады. Өнеркәсіп басшыларының айтуынша, заңды тұлғаларға 1 л- 4 мың тг, ал жеке тұлғаларға 1 л - 2 мың теңгеден саудалануда.

 

Кәсіпорында орта есеппен күніне 200 л өнім шығарылуда. Мұнайлы ауданының 7 адамын жұмыспен қамтып отыр. Шағын отбасыларға мөлшері 200 мл, 500 мл өнімді, тиісінше төмен бағамен алуға болады.

 

-Бұл өнім қазіргі сұранысқа зәру кезде уақыт ұттырмай пайдалануға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен септігін тигізіп отыр. Біз өнімді мекемелерге, қажет еткен жандарға таныстыру, басқа елден келген өнімдердің орнын отандық тауармен ауыстыру бағытында қолдау көрсетіп келеміз,- деп толықтырды сөзін МО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Г. Қалмұратова.

 

Ақтауда антисептик өнімдерін тегін таратушылар да бар. Қайырымдылық- ізгі іс.

 

 

Бургерлік «Бархан Burger Shop» осы қиын кезеңде тағам тапсырыстарын үйге жеткізу арқылы қызмет етуде. Одан түскен қаражаттың бір бөлігін тегін антисептикалық сұйықтық құралын таратуға жұмсауда.

 

«Бархан Burger Shop» қызметкерлері антисептикалық құралдардың 0,5 л. Мөлшерінің 80 данасын және 1 л өнімнің 30 данасын Ақтаудағы ауруханаларға жеткізді.

 

Сөйтіп коронавирус инфекциямен күресетін дәрігерлерімізді қолдауды ұйғарды. Осындай игі істер қаламыздың басқа да кәсіпкерлеріне үлгі боларлықтай! – деп түйіндепті біздің басылымға жолдаған осыақжолтай жаңалығын өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

 

Сурет баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему