Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында «Улыгаздан сақтан» атты акциясы өткізіліп жатыр
27 Ноября 2016 (09:12) | 2178 | Автор: Нурганым Имашева
Адамдардың улы газдан улану оқиғасы және тұрғын үйлерде өрттердің көбеюіне байланысты, сонымен қатар тұрмыстағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Түпқараған ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның қызметкерлерімен бірлесе 2016 жылдың 18 қарашасы мен 30 қараша аралығында «Улы газдан сақтан» атты акциясы өткізіліп жатыр.
Сонымен бірге, Түпқараған аудынының ТЖБ-нің инженерлік құрамымен тұрғын секторындағы халық арасында үгіт-насихат парақтары, жаднамалары таратылып, жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелері және тұрмыстық газ жылыту пештерін пайдалану ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Түпқараған ауданында 2016 жылдың 8 ай есебі бойынша 11 өрт оқиғасы тіркелді, улы газбен улану оқиғасы болған жоқ.
Тұрғын үй секторында – 5 өрт оқиғасы, автокөліктерде – 3 өрт оқиғасы және басқа әртүрлі нысандарда (ғимараттарда) – 3 өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Өрттердің негізгі шығу себептеріне келетін болсақ, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерінің бұзушылықтары, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ержелерінің бұзушылықтары, баланың отпен ойнауы және жалпы өрт қауіпсіздік ержелерінің бұзушылықтары.
Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен және «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның қызметкерлерімен бірлесе Форт-шевченко қаласының тұрғындарына тұрғын үйлер арасында қауіпсіздік ережелерін сақтамай газ қондырғылары мен пештерін қолдану барысында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтер жүргізілуде.
Бұл рейдтер кезінде «Газ қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау», «Үй жылыту пештерін қолдану ережелері» тақырыптарында және қолөнершілердің шығарған пештерін қолдануға тыйым салынатыны туралы, тұрмыс газ баллондарын АГТС (автокөліктерді газбен толтыру станцияларында) газбен толтыруға тыйым салынатыны туралы жергілікті халықпен әңгімелесу, үй-үйлерге кіріп нұсқаулық беру, үйлерді тексеру жұмыстары атқарылып жатыр.
- Халыққа айтатынымыз, сақ болыңдар, тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар! Пештің жарамдылығын және мұржаның тартуын үнемі бақылау және уақытылы тазалау қажет!
Қарапайым өрт қауіпсіздік және газ жылыту пештерін пайдалану ережелерін сақтаңыздар! Өрт кезінде дереу 101-ге, газдың иісі байқалған кезде дереу 104 қызметіне хабарлаңыздар! – дейді Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Нұрқожа Қожабергенұлы Әлжанов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему