Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзған
16 Декабря 2016 (17:07) | 1581 | Автор: Мира Ботабекова
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған Л.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот отырысында анықталғандай, құқық бұзушы Л. автокөлігімен Жаңаөзен қаласы, «Ақсарай» қонақ үйінің алдында солға бұрылу кезінде, қарама қарсы бағыттан тіке өтіп келе жатқан жүргізуші Д-ға жол бермей, оның автокөлігіне соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған, нәтижесінде материалдық залал келтiрген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Л. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіліенген қағидаларын көлік құралдарын, жүктерді, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстардынемесе өзге де мүлікті бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтірген бұзушылығы) кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 21 210 теңге айыппұл қолданылды. Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему