Эхман атай сексенінші Наурыз тойын тойлады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 00:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Эхман атай сексенінші Наурыз тойын тойлады

23 Марта 2017 (18:32) | 1986 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстаудағы кәріс этномәдени бірлестігінің мүшелері үшін Наурыз - ең ұлық мереке. Ұлыстың ұлы күні бірлестік өкілдері 84 жастағы Эхман атай мен Александра әжейдің шаңырағына жиналуды дәстүрге айналдырған. 80 жылдан бері Қазақстанды мекен етіп келе жатқан қос қария қазақтың дәстүрін берік ұстанады. Бұл әулеттегі келін түсіру, тұсау кесу, қыз ұзату рәсімдері ұлтымыздың ғұрпына сай өтеді.

 

22-наурыз күні жылдағы дәстүр бойынша Эхман атайдың ұл-қызы, немере, шөберелері көрісуге, Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ тілектерін арнауға келді. Мерекелік дастархан жайылып, қазақ пен кәрістің ұлттық тағамдары әзірленді. Эхман Ким Қазақстанға 4 жасында келген. Ал, жұбайы Александра ол кезде жөргектегі бала еді. «Бауырмал қазақ халқының арқасында осы күнге жеттік», дейді атай. Қос қария бүгінде ұл-қыздарынан 4 немере, 7 шөбере көріп отыр. Қазақтармен қыз алысып, қыз беріскен, құйрық, бауыр жегізген мың жылдық құда болған жайы бар.

 

АХМЕТ СӘУІРБАЕВ, ЭХМАН КИМНІҢ КҮЙЕУ БАЛАСЫ:

-Бұл әулет қазақтарды өте қатты сыйлайды. Олар қиын-қыстау кезеңде қолұшын беріп, бауырына басқан біздің аталарымызға алғысы шексіз. Қазақтың дәстүрін де ұстанады.

 

Эхман Ким саналы ғұмырын геофизика саласына арнады. Зейнетке шыққан соң бөдене өсірумен, көкөніс егумен айналысты. Пәтерінің бір бөлмесін шағын бақшаға айналдырған. Мұнда жыл бойы қияр, қызанақ, бұрыш, пияз, сәбіз бен қырыққабат үзбей өсіріледі.

 

ЭХМАН КИМ, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-Бала-шағам көкөніс сатып алған емес. Атасының өнімін тұтынады. Бір жылда бірнеше рет мол өнім алу үшін қолдан мынадай гидропоникалық құрылғыны жасадым. Ауылшаруашылық дақылдарын топырақсыз, тамырына су жіберу арқылы өсіруге болады.

84 жастағы қария бірнеше елдің музыкалық аспабын меңгерген. Көбнесе қазақ сазгерлерінің шығармаларын орындайды. Қазақтың бай өнері мен дәстүрін терең түсінген Эхман Ким бүгінде бар білгенін ұрпағына үйретіп жүр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему