«101» Қызметі хабарлайды
8 Апреля 2020 (17:36) | 2312 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлайды: өткен аптада 2020 жылдың наурыз айының 30 мен сәуірдің 5 аралығында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері дабыл бойынша – 21 шығыс тіркелді, оның ішінде өртке–4 рет, жану жағдайына–8 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына–9 рет.
Осы аптада Ақтау қаласының 1-ші«б» шағын ауданында, №15 учаскеде 2 қабатты коттедждің бірінші қабатында құрылыс материалдары жанды. Жану көлемі – 30 ш.м. Зардап шегушілер жоқ.
Түпқараған ауданы, «Ақшұқыр» тұрғын үй алабындағы № 295 үйде 90 ш.м. құрайтын балалар бөлмесіндегі үй заттары, тұрмыстық техникалар жанған. Жану көлемі – 14 ш.м. Зардап шегушілер жоқ.
-Құрметті облыс тұрғындары! Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды Сіздердің естеріңізге салады:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңкені қалдырмау;
- электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын бақылау;
- электр желісін асыра жүктемеу;
- тек жарамды электр және газ жабдықтарын пайдалану;
- ақаулы пештерді пайдалануға болмайды;
- балаларды қараусыз қалдырмау,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.
Суреттерді түсірген Рукия Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему