Ата Заңды құрметтеу – ел тарихын құрметтеу
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 10:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ата Заңды құрметтеу – ел тарихын құрметтеу

29 Августа 2017 (11:40) | 6496 | Автор: Нурганым Имашева

Тарих беттеріне көз жүгіртсек, қазақ халқында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» секілді заңдардың болғанын бағамдаймыз. 1995 жылы ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды мақсат тұтып, еліміздің қазіргі қолданыстағы басты құжаты – Конституцияны қабылдады. Міне, содан бергі уақытта Ата Заң біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

 

 

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

 

Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

 

Ата Заңда республика қызметінің түбегейлі принциптері ретінде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу белгіленді.

 

 

«140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық»,  –  деп Ата Заңымызда Мемлекет басшысы елімізде өмір сүріп жатқан халықтың ортақ құндылықтарын дәл көрсеткен.

 

«Қазақстандық жол» деп аталатын кітабында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің міндетіміз – Конституцияға ерекше құрмет білдіру», – деп атап көрсетті. «Біз өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды қалай құрметтесек, Конституциямызды дәл солай құрметтеуіміз керек. Конституцияға құрмет көрсетпейінше, оның баптарын мүлтіксіз орындамайынша, қоғамдағы келісім, тәртіп, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мүмкін емес. Демек, Отанымыздың болашағы жарқын болуы да осыған байланысты».

 

Сонымен қатар, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын Конституцияда екі маңызды тәсіл бекітілді: сот арқылы және әкімшілік. Құқықтық мемлекет жағдайында тәуелсіз сот адамның құқығын қорғаудың негізгі құралы болып табылады.

 

 

Еліміздің Конституциясы азаматтардың сот төрелігіне еркін қол жеткізуін белгілеп, әрбір азамт өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына кепілдік береді.

 

Ата Заңымыздың ең ерекшелігі – мемлекет басқару жүйесін толық бір жүйе ретінде қарастыруында. Яғни, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін өз алдына бөлек орган ретінде емес, тұтас құрылымдық жүйе қылып қалыптастырып, олардың міндеттері және жауапкершілігін белгілеп берумен бұл Конституцияның құндылығы артты. 1995 жылы қабылданған Конституциямыздың басты құндылығы республиканың өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп жариялауымен қатар, бастауы халық екендігін айқындап берді. 

 

Мәселен, Ата Заңымыз, адамның құқығы мен бостандығы өмірге келген сәттен бастап оған тиесілі екенін және оған ешкімнің қол сұғуына жол берілмейтінін бекітеді. Ұлты, тілі, діні, әлеуметтік жағдайы, саяси көқарасы бойынша ешкім қуғындалмауы, сөз бостандығы, еңбек ету, қызмет ету бостандығы  бәрі-бәрі Конституциямызда атап көрсетілген.

 

 

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.

 

Яғни, Конституция – жарқын болашағымыздың кепілі. Сондықтан, оны дәріптеу баршамыздың азаматтық борышымыз. Отанымызда жекеменшік құқығы, мұрагерлік құқығы, заң жолымен алынған кез келген мүлікке ие болу құқығы және басқа да меншіктік мәселелер конституциялық мәнге ие.

 

Дегенмен, бүгінгі таңда екінің бірі Конституцияның атын білгенімен, осы Ата Заңымызда жазылған өз құқықтарын толық біле бермейді. Өз құқығын толық білмеу тұлғаның құқығын өзгелердің таптауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұндай олқылықтардың болмауы үшін Конституцияның не екендігін жас ұрпақтың санасына сіңіріп өсіру керек. Ол дегеніміз, Ата Заңды жатпай – тұрмай жаттатқызу деген сөз емес. Алғаш балабақша табалдырығын аттаған балаларға Әнұранымызды жаттатқызып, Елтаңбаның, Тудың не екендігін айтып өсірсе нұр үстіне нұр болар еді. Ата Заңда жазылған құқығын білген әр жас қоғамымыздың саналы, толыққанды мүшесі болары сөзсіз.

 

Халық болып жұмыла қабылдаған Конституциямыздың арқасында Қазақ елі барша әлемге танылды. Әлемдік саясаттағы, экономика,  мәдениет, құрылыс, білім және тағы басқа салалардағы бағындырған белестер, алған асулар, еліміздің бірлік, келісім, татулық жүрген сара жолымыздың дұрыстығын айғақтайды. Мұның бәрі Мемлекет басшысының сындарлы саясатының жемісі. Ең маңыздысы, конституциялық қағидалар негізінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара әріптестігі іске асып, сот реформасы одан әрі жалғасын табуда.

 

Конституциямызды қабылдаған ширек ғасыр ішінде еліміз айбары асқан қуатты ұлтқа, әлемге атын таныта білген дербес елге айналып, Отанымыздың бірлігі нығайып, елде тұрақтылық пен татулық орнықты.

 

Қазақстан Республикасының Ата Заңы - әлемдегі ең жас Конституция. Зерттеушілердің пікірінше, жастығына қарамастан, Ата Заңымыз әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның бірі емес, бірегейі болып танылған. Мұның өзі Ата Заңымыздың мерейін одан әрі асқақтата түскендей. Ендігі біздің басты міндетіміз – тәуелсіздігіміздің тірегі болған Конституциямызды қатаң ұстанып, Ата Заңымызды құрметтеп, оның маңыздылығын бір сәтке де жоғалтпай сақтау.

 

Ата Заңды құрметтеу – ел тарихын құрметтеу.

 

Маңғыстау облыстық сотының судьясы Бекзат Шоқанова

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему