Маңғыстауда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы анықталды
7 Апреля 2020 (10:42) | 1759 | Автор: Нурганым Имашева
Бағаны көтергені үшін кәсіпкерлік субъектісіне ешқандай ескерту жасалмайды, тек айыппұл салу шарасы қолданылатын болады.
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрбек Қарасаев мәлімдеді.
-4 сәуірден бастап әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы анықталды. Аталмыш тауарлардың бағасын көтерген жағдайда бизнеске 100 АЕК (265 100 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде бұзушылық қайталанса 200 АЕК (530 200 теңге) көлемінде айыппұл салынады,-деп түсіндірді Нұрбек Қарасаев. Оның айтуынша, http://dosmart.kz. сайты бойынша кез-келген тұтынушының және әкімшілік өкілдерінің19 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын онлайн режимде мониторинг жасап отыру мүмкіндігі бар. Ол үшін осы сайтқа тауардың бағасын растайтын чек немесе фотосуретін салып, мәліметтерді жолдаса болғаны. Қоғамдық мониторинг бойынша бағалар көрсеткіштері анықталып, бақылау жасалынатын болады. ӘҚБтК-нің 202-бабы бойынша санкция айыппұлдан басқа жазаның баламалы түрін көздемейді.
ТЖ режимінің әрекет ету кезеңінде бірінші сұрыпты бидай ұны мен одан алынған нанның, кеспе /рожкидің/, қарақұмық, күріштің, сиыр етінің (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі), жұмыртқаның, күнбағыс майы мен тұздың ("Экстрадан"басқа) шекті бөлшек бағалары енгізілді».
-Сауда, ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасында төтенше жағдай кезінде "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы" бірлескен бұйрыққа қол қойды.
4 сәуірден бастап бастап келесі тауарларға шекті бағалар белгіленеді: 1) бірінші сортты бидай ұны, 2) бірінші сортты ұннан (формалық) бидай наны, 3) рожки (салмақтық), 4) қарақұмық жармасы (ядрица, салмақтық), 5) тегістелген күріш (дөңгелекдәнді, салмақтық), 6) сиыр еті (сүйектері бар күректі-кеуде бөлігі), 7) тауық жұмыртқасы , (I санат),8) күнбағыс майы, 9) ас тұзы ("Экстра"басқа),-деп мәлімдеді кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрбек Қарасаев.
Баға әр өңір үшін бөлек белгіленген.
Мәселен, 1-ші сұрыпты ұннан 1 кг нан Нұр-Сұлтан қаласында ең көп дегенде- 150 теңге, Алматыда – 146 теңге, Шымкент қаласында – 146, Маңғыстау облысында – бір келі нан үшін 164 теңге.Бір бөлке нан (кірпіш) – 550 грамм екенін ескерсек, Нұр-сұлтан қаласында – 82,5 теңгеден, Алматы мен Шымкент қаласында – 80,3 т.б.теңгеден аспайды.
Сурет және видео қоғамдық коммуникациялар орталығынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему