FlyArystan қазан айынан бастап Ақтаудан БАӘ -ге рейстерді ашады
5 Сентября 2021 (15:19) | 1625 | Автор: Редакция
Биылғы күзде Алматы, Шымкент, Ақтау мен Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары FlyArystan-ның жайлы ұшақтарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне тікелей ұшып бара алатын болады. Тұрақты және чартерлік рейстер Шарджа халықаралық әуежайына орындалады, ал біржақты билеттің минималды құны 39 999 теңгеден басталады.
Әрбір қаладан орындалатын рейстердің жиілігі – аптасына 3 рет, ал келешекте Алматыдан ұшақтар аптасына 5 рет қатынайтын болады.
Оңтүстік астанадан БАӘ-не рейстер 17 қазаннан бастап жанданса, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Ақтаудан әуелайнерлер келесі айдын соңынан бастап қатынайтын болады. Билеттер FlyArystan-ның мобильді қосымшасы мен ресми сайтында қолжетімді.
Осылайша, бұдан былай жерлестеріміз 2021ж 1 қазаны мен 2022ж 31 наурыз аралығында өтетін Dubai EXPO-2020 халықаралық көрмесімен қатар, Шарджа мен Дубайдың теңіз курорттарында арзан демалып қайту мүмкіндігіне ие бола алады.
«Араб Әмірліктері – қазақстандықтардың сүйікті демалыс орындарының бірі. Күз-қыс мезгілдерінде Персия шығанағының құм жағажайлары тамаша, сонымен қатар бұл жердің шопинг-турларыда баруға тұрарлық. Еліміздің 4 қаласынан орындалатын жаңа рейстердің арқасында бұдан былай демалыс әлдеқайда қолжетімді болмақ, себебі осындай арзан бағалар бұрын-соңды болмағаны анық. FlyArystan тек ел ішіндегі рейстерге ғана емес, оған қоса халықаралық саяхаттарға да тиімді әуесапарларды қуана ұсынады», - деп жаңалықтармен желілік жоспарлау директоры Ренат Абулханов бөлісті.
Естеріңізге сала кетсек, алғашқы отандық лоукостер флоты эконом классты 180 орындықтарымен жабдықталған 10 Airbus A320 ұшақтарынан тұрады және де Қазақстанның 5 шаһарында қоныстанған. Ал жолаушыларға ел ішінде 29 бағыт бойынша, сонымен бірге Стамбұл, Кутаиси, Ташкент пен Бішкекке халықаралық 9 бағыт бойынша саяхаттар ұсынады. 2,5 жыл ішінде лоукостер қызметіне 4 миллионнан астам жолаушы жүгінген екен.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему