Кемел келешекке бастар жол
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кемел келешекке бастар жол

26 Июля 2016 (15:43) | 2601 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгінгі таңда облыс орталығынан Мұнайлы ауданының Баянды елді мекеніне апаратын асфальт жолдың құрылысын жүргізіп жатқан «Алтынқұрық» ЖШС жол құрылыс компаниясының аталмыш салада өзіндік орны бар. 2003 жылы негізі қаланған мекеме сапалы қызметімен көзге түсіп, осы уақытқа дейін қарқынды еңбек етудің нәтижесінде аймақтағы біраз жолдарды жаңадан салу, күрделі жөндеуден өткізу, күтіп ұстау жөнінен біршама тәжірибе жинақтап үлгерді.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Алтынқұрық» ЖШС жол құрылыс компниясыңың қызметімен, тыныс-тірлігімен танысу үшін арнайы сапармен Баянды елді мекеніне апаратын тас жол бойында қарқынды қызмет атқарып, жол құрылысын жүргізіп жатқан құрылыс мекемесінің жұмыс алаңына ат басын тіредік. Аталмыш компанияның қаржы директоры Қуаныш Әбдірахманға жолығып, біраз сырға қанықтық.

«Алтынқұрық» ЖШС жол құрылыс компаниясыңың қатысуымен соңғы 3 жыл ішінде оннан аса ірі нысандар қолданысқа берілген. Осы жобалардың ішіндегі ең ірілері:

  • «Ақтау-Құйылыс» көлік жолын күрделі жөндеу»;
  • «Ақтау қаласының 32-33 шағынаудандарындағы жолдар құрылысы»;
  • «ККОИ» ЖШС өндірістік аумағына кіре беріс жолының құрылысы»;
  • «Жаңаөзен-Фетисово» көлік жолын орташа жөндеу»;

Компания 1-категориялы құрылыс лицензиясын иеленген.

 

 

«Алтынқұрық» ЖШС жол құрылыс компаниясыңың қаржы директоры Қуанышбек Әбдірахман:

Біздің мекеменің қызметі - көлік жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары, жол құрылыс арнайы техникасын жалға беру, құрылысты техникалық қадағалау, асфальтбетон қоспаларын және темірбетон бұйымдарын өндіру болып табылады. Бүгінгі таңда 2014 жылы басталған «Ақтау-Куюлус» облыстық маңыздағы автокөлік жолының жобасын жүзеге асырудамыз. Оның аясы «Адай» базасынан бастап, Баянды кентінің бұрылысына дейінгі қашықтықты қамтиды. Барлық ұзындығы 10 шақырымға созылатын жол.

Қазіргі таңда осы ұзындықтың 7,7 км салынды. Енді қалған қаржы уақытында бөлінсе, жол құрылысын үш айдың көлемінде аяқтамақпыз.

Жол құрылысына 70 адам мен 50 шақты техника жұмылдырылған. Қолданылып жатқан өнімдер – жергілікті құрылыс материалдары, өзіміздің де Жетібайда орналасқан асфальтбетон зауытымыз бар. Салынып жатқан жолдың жалпы қалыңдығы 57 см құрайды. Бүгінгі таңда жолдың 6 см-ден тұратын асфальт жабындысының екінші қабатын жүргізудеміз, бұған дейін 9 см-ден тұратын бірінші қабатын салғанбыз.

Қызметімізде Президентіміздің тапсырмасына орай, сапаны алдыңғы орынға қоямыз, осымен қатар Жаңаөзен қаласындағы қалаішілік жолдар құрылысы және Ақтау қаласының 31 және 31А шағынаудандарындағы жолдардың құрылысын жүргізіп жатырмыз.

Тағы бір айта кететіні – еңбек өнімділігін арттыру үшін заманауи техникаларды сатып алу жұмысына ден қойып отырамыз. Мысалы, Маңғыстауда ең алғашқы болып, «Автоматтандырылған 3D нивелирлеу» жүйесін енгіздік. Оның артықшылығы – жобалық деңгейді қалыптастыру үрдісін автоматтандыруға, жұмыс өнімділігін арттыруға және құрылыс техникаларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. «Автоматтандырылған 3D нивелирлеу» жүйесінен бөлек, асфальтты соңғы үлгідегі «бұзбай тексеру құрылғысын» қолдана отырып, қажетті тығыздыққа жеткіземіз. Яғни, ол бұрыннан келе жатқан асфальтты кесіп алып тексеру емес, оны салу кезінде тығыздығы 3-4 параметрін анықтайтын жаңа ноу-хау құрылғы, - деп мәлімдеді.

«Автоматтандырылған 3D нивелирлеу» жүйесі жолдың негізгі қабаттарын компьютер арқылы 1 мм дәлдікпен салады. Соның арқасында компанияның жұмысының өнімділігі артқаны байқалады.

 

 

ШЕТЕЛДІК САРАПШЫНЫҢ БАҒАСЫ

Мекеме жұмысшыларының білімін толықтырып, біліктілігін арттыру мақсатында 2015жылы екі маманды Германияға оқуға жіберіп, «Германия көлік жолдарының құрылысы мен қолдану кезіндегі заманауи технологиялар» тақырыбындағы тағылымдамадан өткізген. Одан бөлек, жол құрылысының озық технологияларын іс жүзінде қолдану және мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында 40 жылдық тәжірибесі бар шетелдік сарапшы-маманды арнайы шақыртып, оқыту үрдісін ұйымдастыруда.

 

Жол құрылысының сапасын бақылау үшін Египет, Бразилия және Қытайда болған Германия мемлекетінен келген тәжірибелі маман-сарапшы Эрвин Флетчер:

Әрине, мінсіз болу қиын. Алғашқы күндері келгенімде бұл жолдың құрылысының басында аздаған кемшіліктер болды. Мысалы, асфальт төсегіштің жұмысын қалыпқа келтіру қажет болды. Асфальт төсейтін катоктардың кейбір бөліктері өзгерістерді талап етті. Бір-екі кун ішінде, бәріміз ортақтаса жұмыс істеу арқасында, жұмыс сапасы өте жоғары деңгейге көтерілді.

Мекеменің алға қойған мақсаттары мен міндеттері таң қаларлық. Мекеменің жас басқарушысы Дидар Қуанышбекұлы жұмыс сапасын үнемі жақсарта отырып, оны Европалық стандарттарға жеткізуге бел буған, мені шақыртып кеңестерімді сұраудың өзі осыған дәлел. Мекеменің қозғалыс бастамасы және алған бағыты өте дұрыс.

«Алтынқұрық» алып мекеме болмаса да, айтуға тұрарлық жақтары бар: заманауи құрылғылар, оның ішінде дүние жүзі бойынша ең соңғы үлгідегі техника мен технологиялар. Мекемеде жас әрі жоғары білімді мамандар көп екен, жақсы ұйымдасқан, әрдайым оқып үйренуге дайын. Күнделікті істеп жүрген ісі болса да, өзгеруге, кеңес алуға дайын.

Аса айтып өткім келіп тұрғаны мекеменің жас басшысы Дидар мырза. Жоғары білімді, әрі білікті, жұмыс істеу қабілеті жоғары адам. Өз жұмысының барлық қыр-сырын біледі, өз жұмысшыларына соны оқып үйретеді. Жас болғанына қарамастан, тәжірибесінің өте мол екені көрініп тұр.

Жалпы, Ақтау қаласы өте қарқынды дамып келеді екен. Тұрғын үйлер мен жол құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Маған мұндағы жолдардың кеңдігі ұнады,- деген пікірін білдірді.

 

 

КОМПАНИЯНЫҢ ІЗГІ ІСТЕРІ

Мекеме басшылығы өз қызметкерлерінің бар жағдайын жасап, арнайы киімдермен, түскі аспен қамтып қана қоймай, сонымен қатар аптасына екі рет түрлі жаттығулар жасап, жұмысшылардың салауатты өмір салтын ұстанып, шымыр болуына көңіл бөліп, арнайы спорт залын жалға алып отырғаны белгілі болды. Компанияның өз асханасы мен жұмысшыларға арналған моншасы да бар.

Ауылдық округ басшыларымен бірлесе отырып тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көрсетуді әдетке айналдырған. Қасиетті Рамазан айында елді мекендерде ауызашарлар берілді. Тапқан табысының бір бөлігін мұқтаж жандармен бөліскен «Алтынқұрық» ЖШС-нің қайырымды басшылығының сауапты ісіне ауыл адамдары риза болған.

 

 

Компания қызметі туралы пікірін сұрағанымызда Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Тұрбек Спанов:

Жалпы, бұл мекеме талапқа сай жұмыс жасауда. Заманауи құрылғыларды қолдану және өз қызметкерлерінің білімін жетілдіру жұмыстарын дұрыс жолға қойған. Ұзындығы 10 шақырымды құрайтын Баянды тас жолының 7,7 шақырым жерге асфальт төселді. Енді қалған бөлігіне 250 млн. теңге қаржы қарастырылса, жол құрылысы толықтай аяқталып, тұрғындар игілігіне берілетін болады. Бұл жолдың іске қосылуын Баянды елді мекенінің тұрғындары асыға күтуде,- деген ақпаратпен бөлісті.

Сапалы жолдар салып, аймақ экономикасының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан «Алтынқұрық» ЖШС-нің еңбегі жоғары бағаланып, компания әр жылдары ҚР автомобиль жолдары Комитеті және Маңғыстау облыстық әкімшілігінің көптеген Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему