Ақтауда Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған акция өтті
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 23:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған акция өтті

9 Апреля 2017 (10:03) | 2321 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жыл сайын 7 сәуір күні Қазақстан Республикасында «Ұзақ өмір сүру – өз қолыңда!» ұранымен әр қазақстандықты салауатты өмір салтын ұстануға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру, адам ағзасына қауіпті емес немесе сапалы да құнарлы тағамдарды қолдануды насихаттау мақсатында дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев денсаулық сақтау саласының алдына мемлекеттің, жұмыс беруші мен қызметкердің өз денсаулығына ортақ жауапкершілікті жүктеу арқылы елдегі денсаулықсақтау жүйесін әрі қарай дамыту туралы нақты міндет қойды.

-Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз.

Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында: «азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтын ұстануға әзірлеу қажеттігі» көрсетілген.

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде осы бағытта Қазақстан аумағында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған,- дейді Ақтау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Назгүл Тұрғаналиева.

 

 

Аталмыш Басқарма мамандарының айтуынша, «Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады. “Дені сау адам  - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған».

-Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», ия болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған.

Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және организмді нығайту және әр түрлі аурулармен ауырмау үшін тиімді, сапалы азық-түлікті пайдалануға кеңес береміз, - деп мәлімдеді Басқарма басшысы Назгүл Ермұратқызы.

Осы дүниежүзілік денсаулық сақтау мерекесіне орай 7 сәуір күні Ақтау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары Маңғыстау облысының ұлттық сараптама филалының мамандарымен бірлесе отырып, қаламызда орналасқан «Мағаш» сауда үйі мен «Асар-С» көтерме  базарында «Әрбір үйге қауіпсіз тағам», тақырыбында науқан ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, «Науқанның мақсаты – тұтынушыларды қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау әдістерін түсіндіру және құқық­тық сауаттылықтарын арттыру».

Акция барысында Ақтау қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары халыққа түрлі кеңестер берді. Сатып алушылар азық-түліктердің сапасын және қауіпсіздігін сол жерде тегін түрде анықтай алды.

Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы көкөністердегі нитраттың қалдығына, азық-түліктің микробтық ластануына, сүт өнімдерінің қышқылдығына тегін зертханалық зерттеулер жүргізді.

Халық жәрмеңкеден сатып алған азық-түліктерін өз қалаулары бойынша ұйымдастырылған экспресс зерттеу тәсілі арқылы сол жерден тез арада зерттеуге тапсырып, азық-түліктің қауіпсіздігіне көз жеткізе алды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему