Көктемгі-жазғы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Көктемгі-жазғы кезеңдегі өрт қауіпсіздігі шаралары

23 Марта 2020 (10:08) | 2602 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы:

 

 

-Көктем - ең өрт қауіпті маусым болып саналады, жаңа ғана қар еріп, өткен жылғы құрғақ шөптер, ал жасыл шөптер әлі өсе қойған жоқ. Осы кезеңде өрт кез-келген жаңсақтықтан, сөндірілмеген темекі қалдықтарынан, күн сәулесінен қызған әйнектің қирауына, құрғақ шөптің арнайы өртеуіне және аумақтарды жинау кезінде қоқысты бақылаусыз жағуына байланысты туындауы мүмкін!

 

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және сақтау қажет:

 

- учаскені және оның маңайындағы аумақты жанғыш заттардан, түскен жапырақтар мен шөптерден уақытылы тазалаңыз;

- құрылыстардың жанында қоқыстарды өртемеңіз;

- жеке үйлер мен бау-бақша учаскелерін, жүретін көшелерді ағаш бұтақтарымен, қоқыспен, құрылыс және басқа да жанар-жағармай материалдарымен үюге болмайды, себебі бұл өрт сөндіру автокөліктерінің өтуіне кедергі келтіреді;

- электр желілерін, тұрмыстық және газ құралдарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтаңыздар;

- ашық отты пайдалану кезінде абай болыңыз: шам, керосин және дәнекерлеу шамдарын қараусыз қалдырмаңыз;

- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз,- деп ескертеді.

 

 

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Жеке тұрғын үйлерде пайдалануға мүмкін емес қоқыстарды контейнерге жинап және арнайы жабдықталған қоқыс алаңына алып кету керек. Әрбір тұрғын үйде және бау-бақша учаскесінде отты сөндіруге арналған өртке қарсы құрал-саймандар: суы бар сыйымдылық (бөшке) немесе өрт сөндіргіш, киіз, шелек, күрек және жиылмалы саты болуы қажет».

 

-Өрт болған жағдайда дереу «101» нөміріне Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне немесе ұялы байланыс телефоны арқылы «101» және «112» нөміріне қоңырау шалыңыз. Диспетчерге өрт орны, оның себебі және адамдар үшін қаншалықты қауіпті екенін нақты ақпаратты хабарлаңыз. Бұдан әрі нақтылау үшін атыңызды, телефон нөмірін атаңыз.

 

Азаматтық қорғау бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіру үшін барлық қолжетімді тәсілдерді (құм, су, киіз, киім, өрт сөндіргіштер және т.б.) пайдалана отырып, өртке тез әрекет ету қажет. Есіктер мен терезелерді жабыңыз, өйткені ауа оттың таралуына ықпал етеді.

 

 

Газды, электрді өшіріңіз. Егер отты сөндіру мүмкін емес болса, бірінші кезекте адамдарды құтқаруға тырысыңыз. Егер түтін болса, бетіңізді жаба отырып, еңкиіп қозғалыңыз, қажет болса, киімді сумен сулап, басыңызды дымқыл сүлгімен жабыңыз.

 

Егер адам үстіндегі киім өртенсе, оған жүгіруге жол бермеңіз. Оны жерге жатқызып, жабындыға жабыңыз және молынан су құйыңыз. Егер киім жанып кетсе, күйген адамды шешіндірмеңіз, дененің зардап шеккен бөліктерін таза матамен жауып, жедел жәрдем шақырыңыз,- дейді Маңғыстау облысы ТЖД

 

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының жетекшісі Рукия Сычева.

 

Суреттерді түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему