Ақтау қаласындағы автобус аялдамалары жаңартылуда
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 16:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласындағы автобус аялдамалары жаңартылуда

30 Декабря 2021 (14:28) | 1800 | Автор: Редакция

Ақтаудағы кейбір автобус аялдамаларының жай-күйі сын көтермейді. Қала тұрғыны облыс әкімдігінінің телеграм каналына осындай шағым жазған болатын. Желі қолданушысының айтуынша, 28 шағынаудандағы «Балалар әлемі» дүкенінің алдында орналасқан аялдама осыдан 20 жыл бұрын пайдалануға берілсе де, ешбір жарақтандырылмаған. Аялдама деген тек аты ғана болмаса, не желден, не аяздан қорғайтын қалқасы жоқ, осы мәселені шешсеңіз, дейді тұрғын. Оның сауалына Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері  жауап берді, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы «Қоғамдық коммуникация орталығы».

Жауаптылардың айтуынша, қаладағы жабдықталмаған аялдамаларды замануи етіп қайта жабдықтау мақсатында, ағымдағы жылы кәсіпкерлерге бос 50 аялдама орыны берілген екен. Алдағы уақытта аталған орындарға кәсіпкерлер коммерциялық нысан сала отырып, жаз және қыс маусымына арналған жабық әжетханасымен қамтылған аялдама салып береді. Қазіргі таңда, керектімен қайта жабдықталған 10-ға жуық аялдама қолданысқа берілді, дейді қала әкімдігінің өкілдері. Қалған аялдамаларды жабдықтау мақсатында бюджеттен қаржы да қарастырылады дейді жауаптылар.

Қазіргі таңда облыс әкімдігінің телеграмм каналын 7 374 адам қолданады. Телеграм каналға жолданған әр сауал назардан тыс қалмайды. Бүгінгі таңда барлығы 2854 сұрақ келіп түскен. Оның   2841  – не жауап берілді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему