«Судья-медиаторларға сенім жоғары»
Курс валют в Актау
на 30/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
30 Ноября, 06:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Судья-медиаторларға сенім жоғары»

21 Мая 2018 (21:19) | 1778 | Автор: Нурганым Имашева

Былтырғы 2017 жылдың басынан қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодексте тараптардың құқығы мен бостандығын тиімді қорғауға, дауларды сотқа жеткізбей шешуге қатысты жаналық көп. Әсіресе, бұл кодекс осы уақытқа дейін қозғалыссыз жатқан «Медиация туралы» заңға жан бітіргендей болды.

 

 

Бұған дейін тараптар арасындағы дауды бітімгершілік келісіммен бітіру тек медиаторлардың құзырында болып келгені белгілі. Ал, жаңа кодекс екі жақты келісімге келтірудің көкжиегін кеңейтіп, енді бұл істі атқаруды судья-медиаторларға да, адвокаттарға да жүктеп отыр.

 

Мұндай өзгерісті қолға алудың өзіндік себебі де жоқ емес. Біріншіден, азаматтардың көбі өз ісінің медиаторлар арқылы емес, сот арқылы, судьялардың көмегімен шешілгенін қалайды. Азаматтарға аты бейтаныс медиаторларға жүгінгеннен гөрі судьяның алдына барып, ісін таразылатқан тиімді секілді көрінетін. Бұл өз кезегінде сот жұмысын көбейтіп, жүктемені еселегені анық.

 

Әрине, істің сотта қаралуы азаматтардың өзара сыйластығына көлеңкесін түсіріп қана қоймай, олардың уақытын ұрлап, жүйкесіне салмақ салатыны ешкімге жасырын емес. Міне, осындай олқылықтардың алдын алу үшін жаңа кодексте судья-медиаторлардың іске араласу тетіктері жан-жақты қарастырылған. Ендігі жерде тараптардың өтінішімен судья-медиатор істі келісіммен бітіре алады. Және тағы бір артықшылығы – азаматтар қай судьяны таңдайтынын өздері айтады.

 

Қазірдің өзінде судья-медиаторлардың көмегіне жүгінетіндер аз емес. Аратұра болса да, соттарда партисипативтік әдіспен даулардың бітіп жатқанынан хабардармыз. Ендігі жерде осы жақсы істі үзіп алмай, халыққа барынша таныстырып, кең қолданылуына ықпал етуіміз керек.

 

Осыған орай, қазір судьялар бұқаралық ақпарат құралдарында дауларды сотқа жеткізбей шешудің, ортақ келісімге келудің тиімді тұстарын насихаттап мақалалар жазуда. Сотқа келген азаматтарға да қолдан келгенше түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кодекстің жаңалығын барынша жеткізуге тырысамыз.

 

Ашық есік күндерінде, дөңгелек үстелдерде судья-медиаторлардың қызметі, адвокаттардың дауды келісіммен бітіруге ықпалы жан-жақты айтылып жүр. Бұрын адвокаттар істің мейлінше ұзақ уақыт қаралып, бірнеше сатыға созылуына мүдделі болса, жаңа заң қорғаушылардың бұл әрекетіне тосқауыл қойып, істі келісіммен бітіруіне итермелеуде. Бабалар мойынсұнған бітімгершіліктің алдағы уақытта да кең қолданылып, көпшілік тарапынан қолдау табарына сенім мол.       

 

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының судьясы К.Ж.Акеров

 

Суреттер zhmb.sud.kz

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему