Ақтауда жаңбыр суын ағызатын суағарлар салынады
12 Июня 2017 (09:07) | 1896 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда сәл жауын жауса болды, су белшеден келеді. Тұрғындар толарсақтан су кешіп, көшелер кептеліске толады. Бұл - арық жүйесінің жетілмегендігінен. Енді осы толғағы жеткен мәселенің де түйіні шешілмек. Себебі, қаладағы орталық көшелерден бастап арық қазылып жатыр. Жаңбыр суын ағызатын жаңа суағарлардың құрылысын "Қала жолдары" мекемесі жүргізеді. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлайды.
Қаламызда жаңбыр суына арналған 68 суағар бар. Оның 34-і жол бойында, қалғаны шағын аудандар ішінде орналасқан. Құбырдағы қалдықтар жылына 2 рет тазаланады. Дегенмен, жаңбырдан кейін ағынды су арнасына сыймай, қала іші көл болатын. Енді, орталық көшелерге жаңа жүйе қондырылады.
Тұрлан Еміл - "Қала жолдары" ЖШС жол жөндеу бөлімінің басшысы:
-Мына қазіргі жасап жатқан су ағар жұмысымыз негізгі проблемный жерлер облыстық әкімшілік пен "Қазақтелекомның" арасында жасалуда. Бұл мәселені көп жеңілдетеді. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да әкімшілік тарапынан жоспарланып жатыр. Енді облыстық тіс емханасы, 29-15 мекен-жайларында арық салу ойда бар.
Аталған жұмыстарды "Қала жолдары" және "Каспий жылу, су арнасы" мекемелері бірлесе жасауда. Жалпы, су ағарлардың ұзындығы 80 метр. Бұрынғы 100 диаметрлік тұрбаларға 320 диаметрдлік құбырлар қосылады. Үш жерден қалдықтарды тазалайтын сүзгі қойылады. Жиналған су Қошқар ата көлі мен Каспий теңізіне ағады. Тұрғындар бұл жаңалықты көптен күткен еді.
Бұдан былай бойлер және мотопомпа секілді арнайы құрылғылардың жұмысы азаяды. Арық желілері маусым айының соңына дейін толық салынып бітеді деп күтілуде.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему