Қаладағы ірі сауда орталықтары күн сайын тексеріледі
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 14:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қаладағы ірі сауда орталықтары күн сайын тексеріледі

21 Марта 2020 (09:48) | 2235 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусман мәлімдеді.

 

 

Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі Ақтауда сақтық шаралары басталды. Арнайы штаб құрылды.

 

Күн сайын қала әкімінің орынбасарларының және штаб мүшелерінің қатысуымен мониторинг жүргізіледі. Олар бірқатар нысандардың коронавирусқа қарсы дайындығын, төтенше жағдай талаптарын орындау бойынша сауда орталықтарын және тамақ өнімдерін сату дүкендері мен супермаркеттерге, базарларға арнайы барады.

 

 

Қала бойынша жұмыс жасап тұрған 14 базардың азық-түлік сату бөлігі санитарлық-дезинфекциялық шараларын сақтап, қалыпты режимде жұмыс жасаса, киім-кешек және өзге де тауарлар сату бөлігінің жұмыс уақыты сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектелді. 5 мал базары бар, оның 3 жұмысын санитарлық-дезинфекциялық шараларын сақтап, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, 2 жабық. 4 кинотеатр, сауда-көңіл көтеру орталықтарындағы 6 балалар ойын алаңдары төтенше жағдай мерзімінде жұмыстарын тоқтатты.

 

2 гипермаркет, 65 супермаркет, 879 азық-түлік дүкендері санитарлық-дезинфекциялық шараларын сақтап, қалыпты режимде жұмыс жасап тұр.

 

Штаб мүшелері аталған нысандарда уақытылы дезинфекциялануды, қол жуатын сусабын және тағы да басқа жеке антисептикалық заттардың болуы, кассада кезектің сақталуы сияқты жұмыстарды тексереді.

 

 

-Мәселен, 19-наурыз күні нысандарды аралау барысында халық көп шоғырланатын «Алатау» сауда үйіндегі супермаркетте бірқатар талаптардың орындалмағаны анықталды. Атап айтсақ, санитарлық тазалық сақталмаған. Осыған орай, ескерту берілді. Келесі жолы қайталанатын болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады. Ал, «Ардагер» сауда үйіндегі тамақ дүкені мен «Дана» супермаркеті санитарлық талапқа сай жұмыс жасауда.Жалпы, барлығына президенттің жарлығына сәйкес жасақталған Ақтау қаласы әкімдігінің ұсыным хаты таратылып, жұмыскерлер арасында түсіндірме жүргізілді,-деді қала әкімінің орынбасары Серік Гусман.

 

Сонымен қатар, сауда орталықтарының белгіленген шекті уақыт 18.00-де жабылуы қаралып, барлығының талапты орындағаны бақыланды.

 

Айта кетейік, 41 тойхана төтенше жағдай мерзімінде жұмысын тоқтатты. 15 сәуірге дейінгі мерзімде 184 шараларды өткізуді тоқтатты.

 

Тексеру жұмыстары күн сайын жалғасады.

 

Суреттер облыстық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему