Журналистер қауымына алғыс білдірді
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 14:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Журналистер қауымына алғыс білдірді

2 Марта 2019 (09:38) | 2143 | Автор: Нурганым Имашева

Елімізде жыл сайын 1 наурыз күні атап өтілетін «Алғыс айту» күніне орай, Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған спорт мектебі жергілікті БАҚ өкілдерін жинап, 2018 жылды қорытындылап, бір жылда қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті және мерекеге орай спортшылардың жетістіктерін елге жариялап, халыққа танытып жүрген бір топ журналистерге құрмет көрсетіп, Алғыс білдірді.

 

 

Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған спорт мектебінің директоры Манарбек Жұбатқанұлы Бисекенов:

 

- Армысыздар құрметті қонақтар, жалынды жастар, халықаралық жарыстарда ел мәртебесін асқақтатып, көк байрағымызды желбіретіп жүрген спортшылар қауымы. Әне-міне дегенше 2018 жылмен қоштасып, жаңа жылды есігіміздің төрінен кіргізгелі отырмыз. Бүгін Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған спорт мектебі 2018 жылды қорытындылап, бір жылда қол жеткізген жетістіктерімен бөліскенді жөн көрді. Кешімізге қош келдіңіздер!

 

2018 жыл Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған спорт мектебі үшін толағай табыстарға, жарқын жетістіктерге толы жыл болды. Спортшыларымыз байрақты бәсекелерде аймақ намысын абыроймен қорғап, ел мақтанышына айналды. Атап айтар болсақ, киелі Маңғыстау топырағында өмірге келіп, әнұранымызды халықаралық жарыстарда әуелеткен мектебіміздің алты бірдей дзюдошылары Рамазан Мамаев, Бауыржан Нарбаев, Сұңғат Жұбатқан, Бауыржан Сағынғалиұлы, Ақниет Тұрдан, Әмірбек Жеңісов қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүр, қазіргі таңда чемпиондарымыздың ізін жалғап келе жатырған жастар, жасөспірімдерімізде тағы бар. Олар Нұрсұлтан Жұбатқан, Нұрбек Қуанышбекұлы, Жасұлан Асанов, Дарын Аймұратов, Рембаев Асатбек Айкүн Рахметова, Мерейлім Кеңесбек, Айгерім Еламанова секілді жастар мен жасөсіпірмдер қазір топ жарып келеді

 

Одан бөлек самбошыларымыз, мектебіміздің мақтаныштары Нұркен Домбаев, Нұрлыбай Серғазиев, Асхат Хапанов, Аппазова Балнұр, Сайлаубаев Айбек, Қаспаев Жалғас, Төлегенов Даурен, Әбуов Жандос халықаралық деңгейдегі жарыстарда топ жарып, Қазақстанды әлемдік жарыстарда мойындатты,- дей келе, «Жастары белсенді елдің-ертеңі жарқын». Осы қағиданы ұстанған мектебімізде бүгінгі таңда облыстың жастары дзюдо, самбо, волейбол, баскетбол, жекпе-жек сайысы, көркем гимнастикамен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізуде. Жоғарыда атап өткен алты бөлімде 974 спортшы тәлім алады, оларға 34 жаттықтырушы-ұстаз дәріс береді. 25 жаттықтырушының жоғары, 9-ының орта-арнаулы білімі бар.

 

 

Дзюдо мен самбо күресінен бөлек мектебіміздің спортшылары «жекпе-жек сайысында» жоғары көрсеткіштерге ие болып жүр. Атап айтар болсақ, чемпиондарымыз Мұхамедияр Жұмажан, Зинаида Белоусова, Баладдин Гулиев аз уақыт ішінде өлкеміздің мақтанышына айналды.

 

Көркем гимнастиканың хас шебері Әлия Юсупованың жолын қуып, аймағымыздың даңқын халықаралық жарыстарда шығару жолында еңбектеніп жүрген мектебіміздегі бір топ гимнасшылардың еңбегін де атап өткім келеді. Қырмызы қызғалдақтарымыз Ұлжан Абдырахман, Жансая Жаңбуршиева, Аққуым Манарбекқызы, Кәусар Жұмабай, Айкүн Қырықмылтықызы талай додаларда топ жарып, бапкерлер үмітін ақтады.

 

Волейболшыларымыз 2018 жылы өткен көптеген Республикалық, Халықаралық, жарыстарда топ жарды. Солардың ішінде ерекше көзге түскен спортшылар Жақсылық Севара және Алмағанбетов Наурыз.

 

Баскетболшыларымыз Саша Пателина ең жас Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі, тұңғыш Азия ойындарының қатысушысы, Қазақстан Республикасының Чемпионы.

 

Курманалина Карина, Наров Марлен, Куприев Артур сынды чемпиондарымызда бар. Бұдан бөлек Трофимов Владиславтың баскетболшылары Талдықорған қаласында өткен ҚР чемпионатының чемпионы атанды», - деп атап өтті.

 

 

«Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің биылғы жылы өткізетін іс-шараларының: республикалық және Халықаралық турнирлердің жоспары жиналғандар назарына ұсынылды.

 

Олардың қатарында жауынгерлік самбодан 23-жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының Чемпионаты, Жекпе-жек сайысы бойынша ерлер мен әйедер арсында Қазақстан Республикасының Чемпионаты, Көркем гимнастика бойынша 1999-2000 ж.т. жастар 2001-2003, 2004-2005ж.т. және 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы, Самбо күресінен 2005-2007 ж.т. және 2008-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында «Жас батыр» МБЖСМ жүлдесіне арналған ашық Республикалық турнир және 14-15жас, 16-17 жас жасөспірімдер арасында «Жас батыр» МБЖСМ жүлдесіне арналған Жекпе-жек сайысынан ашық Республикалық турнирі, 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында «Жас батыр» МБЖСМ жүлдесіне арналған Көркем Гимнастикадан ашық Республикалық турнирі, 2004-2005 ж.т. жасөспірім ұлдар, қыздар арасында өтетін «Жас батыр» МБЖСМ жүлдесіне арналған волейболдан ашық Республикалық турнирі бар екені белгілі болды.

 

 

Халықаралық турнирлер қатарында: Ересектер арасында самбо күресінен «Ақтау Кубогі»» халықаралық турнирі, "Халық Батырлары Иса Досан" еске алуға арналған 2002-2003 және 2005-2006 ж. т. жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдодан ІV - халықаралық турнирі (Ақтау қ. Наурыз айы), «Ер Қосай Кұдайкеұлын» еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан ХІ - халықаралық турнир (Мамыр айында), КСРО спорт шебері Баламұрат Сұлтанұлы Ақшабаевты еске алуға арналған 2003-2004 және 2006-2007 ж. т. жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдодан Х - Халықаралық турнирі (Қараша айы) бар.

 

БАҚ өкілдеріне «Алғыс хаттар» табысталған соң, олардың пікірлері тыңдалып, спорт тақырыбындағы келелі әңгіме қозғалды. Журналисттер өз ұсыныстарын айтып, спортшыларға дүбірлі додаларда жеңіс тілеп, алғыстарын білдірді. «Огни Мангистау» облыстық газетінің тілшісі М.Туманов үлкен спорттық жарыстарға БАҚ өкілдерін де алып баруды және қала көшелерінде Маңғыстауда өтетін спорттық бәсекелерден бұқара халықты хабардар ететін билбордтардың ілінуін ұсынды.

 

Журналистер спорт мектебінің басшысы М.Бисекенов пен облыстық самбо федерациясының басшысы Айдос Ақжановқа еңбектерін елеп, құрмет көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

 

Суреттер автордыкі және «Жас батыр» спорт мектебінікі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему