Фтизиатр-дәрігермен кездесті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 18:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Фтизиатр-дәрігермен кездесті

27 Мая 2018 (14:57) | 2241 | Автор: Нурганым Имашева

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында өрт сөндірушілердің Ақтау қаласындағы Облыстық Туберкулезге қарсы Диспансердің мониторинг және туберкулезді бағалау бойынша басшысы Зиба Жубановна Манкешовамен кездесуі өткізілді. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

 

 Туберкулез – заманымыздың маңызды медициналық және әлеуметтік проблемасы. Туберкулездің даму қаупі төндіріп тұрған топ қатарына барлық жас ерекшелігіндегі, сәбилер мен балалардан бастап, ересектер мен қарт кісілерге дейінгі категориялар жатады.

 

 Зиба Манкешова туберкулезден сақтанудың жолдары туралы айтып өтті:

-Туберкулез — ежелгі инфекциялық аурулардың бірі. Өзге де көптеген инфекциялардан айырмашылығы, ол созылмалы және көбінесе бірнеше ауру адамдардың туберкулезді тарату мүмкіндігін жиі жоғарылататын жасырын ағын болып келеді. Туберкулездің «ашық» түрімен ауыратын адамдар бір жыл ішінде орташа есеппен 10-15 адамға жұқтырады. Жұқтырғаннан кейін шамамен 8–10 % жұқтырғандар өмір шегінде аталғандай немесе өзге де туберкулез түрімен ауырады. Ауыру, сәйкесінше бірден пайда болмайды: ауыруды жұқтырғаннан бастап пайда болуы бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Маңызды рөлді жұқтырған адамның организмінің қорғаушы күші және ең бастысы иммундық жүйенің жағдайы есепке алынады, - деді дәрігер-фтизиатр.

 

 

Зиба Жубановна басты назарды жұқтырудың негізгі жолдарына, аурудың себептері мен симптомдарына, тасымалдау түрлері мен қауіпті аурудың алдын-алу мәселелеріне аударды.    

     

Дәрігердің айтуынша, «Тез шаршау және жалпы әлсіздіктің пайда болуы, әсіресе кешкі мезгілде; тәбеттің төмендеуі немесе болмауы; салмақтың төмендеуі; жоғарыланған тершеңділік, әсіресе түнгі уақытта; кішігірім дене температурасының көтерілуі; кіші физикалық қозғалыс кезінде дем жетіспеудің пайда болуы; жөтел және шырышты немесе шырышты-ірің аралас қақырық бөлінумен жөтелдің шығуы; белгілері бойынша аз мөлшерде қан аралас болуы ықтимал.  Осы белгілердің пайда болуы кезінде тез арада дәрігерге жүгіну қажет! 

 

 

Жыл сайын флюрографиялық тексерістен өтуді ұмытпаңыздар. Флюрографиялық тексерістен уақытылы өту пайда болатын туберкулез түрлерінің қалыптасуын ескертеді».

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему