Биыл Маңғыстау облысындағы барлық оқу орындарында волонтёрлық корпустар ашылады
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 17:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл Маңғыстау облысындағы барлық оқу орындарында волонтёрлық корпустар ашылады

17 Января 2020 (14:19) | 2850 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Бекен жас көшбасшылар» достастығының директоры Оралбай Мұқаш Бекенұлы мәлімдеді.

 

 

Оның мәлімдеуінше, «Бекен жас көшбасшылар» достастығы волонтерлық корпусы биыл Корпоративтілік және «Еvent» волонтерлық қызмет аясында жұмыс атқармақ. Түрлі халықаралық, республикалық саяси, мәдени және спорттық шараларға қызмет көрсетеді. Осы мақсатты былтыр 25 бала ағылшын тілі курсын тәмамдаса, биыл тағы 100 еріктіні тіл курсынан өткізу жоспарланып отыр»».

 

«Волонтерлар корпусы» жастар тобы - Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы мен «Бекен» жас көшбасшылар достастығының әлеуметтік серіктестігі аясында 2017 жылдың қазан айының 6 күні құрылды.

 

Волонтерлар корпусының «Жүрегі толы мейірім» жобасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 180 отбасыға әлеуметтік көмек, 123 жалғызбасты азаматқа адресттік көмек көрсетілді.

 

 

Волонтерлар корпусы – құзырлы органдармен бірлесіп, із-түссіз жоғалып кеткен азаматтардың іздестіру шараларына атсалысып келеді.

 

Бүгінде «Волонтерлар корпусы» 38 облыстық, 11 республикалық, 7 халықаралық деңгейдегі іс – шараларда волонтерлық қызмет көрсетті.

 

«Волонтерлар корпусы» волонтерлары 2017 – 2019 жылдары аралығында орын алған Аягөз ауданында толассыз жауын-шашын салдарынан болған тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 400 кг, Арыс қаласындағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге 4 тонна гуманитарлық жүк жөнелтті.

 

 

Волонтерлар корпусы – Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы мен ел Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысына ие болған алғашқы Маңғыстаулық волонтерлық жастар тобы.

 

-Өткен жылы өңірде тұңғыш рет «Волонтерлар корпусының» Сыйлығы тағайындалды. «Волонтерлар корпусының» Сыйлығы – жастар тобының жобаларын жүзеге асырып, қоғамдық қызметте айтарлық жетістікке жеткен волонтерларды ынталандыру мақсатында тағайындалды.

 

Аталған сыйлық биыл пилоттық нұсқада «Волонтерлар корпусы» мүшелері арасында «Үздік волонтер», «Көшбасшы волонтер», «Мейірімді волонтер» және «Үздік координатор- волонтер» аталымы бойынша тағайындалды.

 

 

Биыл «Волонтерлар корпусының» Сыйлығын өңірдегі барлық волонтерлік топтар мен ұйымдардар арасында конкурстық негізде табыстау жоспарланған.

 

Мамыр айына дейін Ақтау қаласындағы жоғары оқу орындары мен кәсіптік және техникалық оқу орындарында «Волонтерлар корпусының» бөлімшелері ашылып, ортақ жұмыс жоспар аясында волонтерлік қызмет көрсету жоспарланып отыр,- деп мәлімдеді Мұқаш Оралбай.

 

Суреттерді түсірген қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему