Маңғыстау судьялары қылмыстық процестегі өзгерістерді талқылады
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 20:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау судьялары қылмыстық процестегі өзгерістерді талқылады

17 Августа 2018 (14:26) | 2058 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қалалық сотында Маңғыстау облыстық сотының Оқу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 12 шiлдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Заңын сот практикасында қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ержан Қарабаев аталған іс-шараның қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру жұмысын жақсарту мақсатында ұйымдастырылып отырғанын атап айтты.

 

 

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі халықаралық құқық принциптеріне негізделген, ал қабылданған Заң қылмыстық процесте азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау деңгейін арттырудың тағы бір қадамы болып табылады, - деді Е.Қарабаев.

 

Өз кезегінде сөз алған Мәлік Кенжалиев аталған заңның негізгі ережелеріне, оны сот практикасында қолдану тәртіптеріне тоқталды. Енгізілген өзгерістердің негізінде тергеу судьясының сотқа дейінгі өндірістегі өкілеттігі едәуір кеңейтілген, сотқа дейінгі тергеу органдарының құпия тергеу амалдарын жүргізетіні туралы тұлғаға алдын ала міндетті түрде хабарлама беру керектігі айтылған, сонымен бірге осы әрекеттерге шағым келтіру мүмкіндігі, адвокаттардың қорғау ісін атқаруда мүмкіндіктерін кеңейте түсетін қылмыстық процестің жарыспалылығы да артқан.

 

 

Өңір судьялары өзара тәжірибе алмасып, құқық қорғау органдары өкілдерінің де пікірлері тыңдалды. Жиынның қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мүлтіксіз орындап, сот практикасында дұрыс қолдану туралы хаттамалық шешім қабылданды.

 

Қайнар: Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему