Бейнеулік еріктілердің ұйымдастыруымен 441 тонна шөп 2900 отбасыға тегін таратылды
15 Октября 2021 (13:01) | 1870 | Автор: Редакция
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Бейнеу ауданы әкімі Бейнеубек Әбілов мәлім етті.
fermoved.ru
Оның айтуынша, ауданда мал саны 159 267 басты құрайды. Оның ішінде 7 194 сиыр, 111 020 қой, ешкі, 17 946 жылқы және 23 107 түйе бар
«Қуаңшылыққа байланысты 167 шаруа қожалығы мен 2304 жеке қосалқы шаруашылыққа 244,7 млн теңге біржолғы көмек қаражаты берілді. Ал аудан еріктілерінің ұйымдастыруымен 441 тонна шөп 2900 отбасыға тегін таратылды. Сондай-ақ, мамыр айында жауапты мамандар Ақтөбе облысы, Байғанин ауданына жұмыс сапарымен барды. 2 аудан арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келіссөздер нәтижесінде ауданның бірқатар шаруашылығы Байғанин ауданының жайылымын пайдаланып отыр», - деді Бейнеубек Әбілов.
Бейнеу ауданының аумағында 252 құдық бар. Оның 191-і пайдалануға берілген. Ал, иесіз қалған 61 құдықты коммуналдық меншікке көшіру жұмыстары жыл соңында аяқталады.
«Аудандағы тіркелмеген мал басын бірдейлендіру базасына «Жасыл дәліз-2» бағдарламасы арқылы 17 949 бас мал тіркелді. Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстар рет-ретімен жүргізіліп келеді», - деді Бейнеубек Әбілов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему