Маңғыстауда 1139 түйеде  диагнозы әзірге белгісіз ауру тіркелген
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 09:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 1139 түйеде диагнозы әзірге белгісіз ауру тіркелген

29 Декабря 2019 (08:55) | 1757 | Автор: Нурганым Имашева

Белгісіз аурумен ауырған түйелерден алынған сынамалар 3 тәуелсіз ветеринариялық ғылыми-зерттеу институтына жолданды.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облысы «Қоғамдық Коммуникация Орталығында» өткен брифинг барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов мәлім етті.

 

2019 жылдың күз айларынан бері облыста диагнозы әзірге белгісіз аурумен 1139 түйе ауырған, 1112 түйе емделіп сауыққан, 27 бас түйеге қазір ветеринариялық көмек көрсетілуде.   Айта кетейік, ірі қараның өлімі тіркелген жоқ.

 

 

Жұқпалы аурудан түйенің ауыз қуысы, еріндері мен мұрыны қабынып, малдың шөп жеуі, су ішуі қиындап, мал жүдеген. Антибиотиктермен уақытылы емделген түйелер 1 аптаның ішінде толықтай сауығып кетеді» -  дейді ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің    Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Қуанышкерей Мырзатов. 

 

Жұқпалы аурудың диагнозы ветеринариялық диагностикалық зертхананың қорытындысы негізінде ғана белгілі болады. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты диагностикалық орталыққа барлығы 70 бастай түйеден сынамалар алынып, тескеруден өткізілген.

 

 

Облысқа 3 рет орталықтың эксперт мамандары шақыртылып, мониторинг жүргізілген. Диагностикалық мекемелердің қорытындыларына сәйкес, зерттелген түйелерде аса қауіпті аурулар анықталмаған.

 

Желтоқсан айының басында 12 түйеден алынған материалдар еліміздің 3 түрлі тәуелсіз ветеринариялық ғылыми-зерттеу институттарына жолданған. Вирусологиялық зерттеулер қорытындысы әзірге шыққан жоқ, жақын аралықта дайын болады деп күтілуде.

 

Егер аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталатын болса, ҚР ветеринария саласындағы заңнамаларына сәйкес, ауруды жою жұмыстары жүргізілетін болады.

 

 

Түйе ауруына байланысты жағдай туралы ҚР Үкіметінің басшысы хабардар етілді, облыс әкімінің атынан Премъер-мнистрге хат жолданып,  ауылшаруашылығы министрлігіне шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырма беру сұралған.

 

 Суреттерді «Қоғамдық Коммуникация Орталығы» түсірген және inbusiness.kz  алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему