Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлердің сырты боялуда
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 23:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлердің сырты боялуда

13 Августа 2020 (12:44) | 2281 | Автор: Редакция

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Ақтауда орталық көшелердегі жол бойында орналасқан 177 көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін сырлау жүргізілуде. 

 

 

Шаһардың көркін асырған ауқымды іске қаражат республикалық бюджеттен бөлінді.

 
Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің сырты екі жыл бұрын боялды.  Ол кезде қаланың 55-жылдығына орай, 25 шақты үйдің сырты кәсіпкерлердің демеушілігімен  жаңарған болатын. 

 
«25 шағынаудан бойынша жолдың бойындағы тұрғын-үйлердің қасбеттерін (фасад) архитектуралық талаптарға сәйкес бояу қолға алынды. Барлығы 440 213 шаршы метр сырланады. Бұл дегеніміз қаладағы 21 шағынауданның орталық көше жағындағы көп пәтерлі тұрғын үйлерін қамтитын болады. Түсіне қатысты бірнеше үлгілері жасалады. Қазіргі таңда бағдарлама аясында қаламыздың жұмыссыздық есебінде тұрған 60-қа жуық азаматы жұмыспен қамтылды. Олардың еңбекақысы 85 мыңнан жоғары болды»,-деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерғали Скендіров.

 

Бүгінгі күні қала бойынша 66 көп қабатты тұрғын үй сырланды. 

 

Атап айтқанда:

1 шағынауданда – 9 үй 

3 шағынауданда – 9 үй 

4 шағынауданда – 19 үй 

5  шағынауданда - 3 үй

7 шағынауданда – 6 үй

9 шағынауданда – 7 үй 

14 шағынауданда – 3 үй

15 шағынауданда – 3 үй

27 шағынауданда – 7 үй

 

Толықтай жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему